БУФЕРЛІК АЙМАҚТАН ШЫҒУ мал өнімдерін экспорттауға жол ашады

48

0

 

БУФЕРЛІК АЙМАҚТАН ШЫҒУ  мал өнімдерін экспорттауға жол ашады«Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық
коммуникациялар орталығында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов БАҚ өкілдеріне
облыс аумағын буферлік аймақтан шығару мақсатында
атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы айтып берді.

Осыдан 4 жыл бұрын Алматы және Жамбыл облыстарында жануарлар аусылмен
ауырып, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары
буферлік аймаққа жатқызылды. Аталған облыс­тардан еліміздің басқа аймақтары мен
Кеден одағына мүше мемлекеттерге аусылға бейім ауыл шаруашылығы жануарлары мен олардың
шикі ет өнімдерін шығаруға тыйым салынды.

Буферлік аймақты құрудағы не­гізгі мақсат аусыл індетіне қолайсыз
көршілес мемлекеттерден еліміздің таза аймақтарын қорғау болды. Бүгінде аталған
облыстарды буферлік аймақтан шығару мақсатында Халық­аралық Эпизоотиялық Бюросымен
ты­ғыз жұмыс жасалуда. Барлық аудан­дар мен Қызылорда қаласында типтік жобадағы
ветеринариялық зерт­ханалар салынып, пайдалануға берілді. Аусыл ауруына қарсы вакцина
республикалық бюджет есебінен тұрақты түрде алынып келеді. Мамандар аусыл ауруына
эпизоотиялық мониторинг жүргізу үшін облыс бойынша 300 бас ірі қарадан сынама алып,
тексеруден өткізді. Нәтижесінде аусыл ауруының клиникалық белгілері кездескен жоқ.
Лабораториялық зерттеулер нәтижелеріндеде ауру мал анық­талмады. Бүгінгі таңда облыс аумағы буферлік аймақтан
шығуға дайын.

Аусыл індетінен вакцинасыз қолайлы және вакцинацияланатын
қолайлы аймақтар статусын алу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі ХЭБ-қа өтініш берген. ХЭБ сарапшылары досьені
толықтырды. Жақында Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның бас директоры Бернард Валл
Астанадағы кездесу барысында еліміздің 9 облысына вакцина қолданбайтын аусылдан
таза аймақ статусы туралы сертификат берілгенін атап өтті. Бұл облыстар ауыл
шаруашылығы жануарларын, олардың өнімдерін экспортқа кедергісіз шығаруға
мүмкіндік алып отыр. Сондай-ақ, буферлік аймақтағы 5 облысқа вакцина қолданылатын
аусылдан таза аймақ статусын беру мақсатында тиісті жұмыстар атқарылып
жатқанына тоқталды.

Ғылыми кеңестің оң шешімі 2015 жылғы 6 қарашада Алматы
қаласында өтетін ІІІ Халықаралық ветеринариялық конгресінде алынады деп
күтілуде. Шешім 2016 жылдың мамыр айында Париж қаласында өтетін ХЭБ-тың
84-Ассамблея делегаттарының қарауына ұсынылады.

Брифингте ҚР АШМ Ветери­на­­риялық бақылау және қада­ға­лау
комитеті облыстық аумақ­тық инспекциясының басшысы О.Батырханов, облыстық ве­­те­­ри­­­нариялық
бақылау басқар­масы­ның басшысы Е.Апетов журналистер тарапынан қойылған
сауалдарға жауап берді.

 

М.МЕРЕЙ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз