Бюджет түсімі 7 млрд 496 млн теңге көлемінде қалыптасты

78

0

  Өткен жылы Сырдария ауданының бюджет түсімі 7 млрд 496 млн теңге көлемінде қалыптасты. Бұл туралы Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімінің орынбасары Балшекер Өтегенова айтты.

Оның ішінде 4 млрд 528 млн теңге – ауданның өз кірісі. 2018 жылдың 1 қаңтарына бюджеттің шығындар жоспары 99,5 пайызға, яғни 8 млрд 201 млн теңгеге орындалды.

– 2017 жылы жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау есеп шоттарына 53,8 млн теңге түсіп, оның 52,2 млн-ы елді мекендерді көркейту-көгалдандыруға, абаттандыруға жұмсалды, – деді Б.Өтегенова.

Өткен жылы аудан үшін маңызды құжат – 2018-2020 жылдарға арналған бюджет қабылданды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз