БЮДЖЕТТІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

70

0

Белгілі проблемаларға қарамастан, Қызылордадағы шыны зауытының құрылысы тоқтап қалған жоқ. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХІІІ сессиясында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өзекті мәселелердің мүмкіндігінше шұғыл түрде – «қолмен басқару» режимінде шешіліп жатқанын мәлімдеді. 
– Жабдықтардың 98 пайызы жеткізілді. «Орда Гласс» компаниясының жаңа басқарма төрағасы таға¬йын¬далды. Қазір «Имсталькон» серіктестігінің Жам¬был филиалы шыны балқыту пешінің металл құрастырылымдарын монтаждап жатыр. Облыс әкім¬дігінің ықпалымен украиндық «Стекловарочная печь» компаниясы құрылыс жүргізуге аккредитация алды, – деді аймақ басшысы. 
Ал күні кеше қытайлық «Чайна триумф» компаниясын бас мердігер ретінде құрылыс жұ¬мысына тарту жөнінде келісім жасалды. ¬Облыс әкімі, одан бөлек, аймақ ахуалын тізбектеді. Осы жылдың төрт ¬айында әлеуметтік-экономикалық дамудың оң нәтижесі сақталды. Тек өнеркәсіп өнімдерін өндіру көрсет¬кішінде мәселе бар. Өйткені мұнай өндіру көлемі кеміп кетті. Ал алдағы уақыттың еншісінде қандай маңызды жобалар бар? Биыл қазан айында молибден үш оксидін өндіретін кәсіпорын іске қосылады. «Қармақшы Құс» ЖШС құс фабрикасының құрылысына кіріседі. «Шалқия» кен орнында көп ұзамай кен байыту комбинаты мен газтурбиналық электр стансасы салына бастауы тиіс. Облыстық бюджетті нақтылауға барлығы 6,4 млрд теңге бағытталды. Мемле¬кеттік сатып алудан бюджеттік бағдарлама әкімшілері үнемдеген 867 млн теңге, босатылатын 3,1 млрд теңге қайта бағыт¬талып отыр. Оның 400 млн теңгесі республикалық бюджетке қайтарылады. Бюджет тарапынан қаланың сол жағалауын игеру мақсатында электрмен қамту және газ тарту жұмыстарына, облыс орталы¬ғын дамытуға, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына, азық-түлік тауарларының өңір¬лік тұрақтандыру қорын қалыптастыруға, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобаларды жүзеге асыруға басымдық берілді. Аймақ басшысы көпшілікті алаңдатқан мәселе – су тасу қаупін сейілтуге қатысқан, бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсеткен Сыр халқына ризашылығын білдірді. Мұндай ауқымды су мөлшері Қызылордада соңғы рет 1969 жылы тіркелген екен. 
Сессияның күн тәртібінде жеті мәселе қа¬ралды. Облыс¬тық мәслихаттың 2017-2019 жыл¬дарға арналған облыстық бюджет туралы шеші¬міне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидалары бекітілді. Қызылорда қаласы-ның И.Тайманов көшесінде ауысымына 400 келушіні қабылдауға арналған емхана ашу ұйғарылды. Арал ауданы Арал қаласының шекарасын өзгер¬ту ұсынысын да депутаттар бірауыздан қолдады. Өйткені қала шекарасы 1960 жылдан бері өзгермеген екен.
Жақын уақытта барлық деңгейдегі әкімдердің жалпы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жол картасының жүзеге асырылуы қаралатын болады. Бұл мақсатта әсіресе ауылдық әкімдердің жұмысына баса назар аударылады.
Алдағы уақытта Қызылордада Арал өңірін тұрақты дамыту жөніндегі Халықаралық форум өтеді. Сонымен бірге, Байқоңыр кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының отырысы жоспарлануда.
Үстіміздегі жылғы облыс бюджеті толық¬тырулар мен өзгерістер енгізілгеннен кейін 219 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көр¬сеткішпен салыстырғанда 18 млрд теңгеге артық. 
Сессияда депутаттар басқа да мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады.
Назерке САНИЯЗОВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз