«БЖЗҚ»-МЕН БІРЛЕСКЕН ШАРАЛАР ЖҮРГІЗЕДІ

72

0

«БЖЗҚ»-МЕН БІРЛЕСКЕН ШАРАЛАР ЖҮРГІЗЕДІБүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаевамен кездесті. Кездесуде аймақ халқының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу деңгейі, қаржылық сауаттылығын арттыру және зейнетақы жүйесін жаңғырту жөнінде ақпарат беру жайы жан-жақты талқыланды. 
2017 жылғы 1 мамырдағы мәліметке сәйкес еліміз бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,93 трлн теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 240 млрд теңгеге артық. Зейнетақы жинақтарының таза инвестициялық табысы – 92,2 млрд теңге. Ал Қызылорда облысындағы экономикалық тұрғыдан белсенді 345 623 адамның 60 пайызы жалдамалы жұмыскерлер болса, 35 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Облыстағы зейнетақы жинақтарының көрсеткіші республикалық үлестің 3,07 пайызына тең. 
Кездесу қорытындысында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ мен облыс әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандум қабылданды. Келісім аясында жоғарыдағы мәселелерді шешу, стратегиялық зейнетақы капиталының негізі ретінде зейнетақы жарналарын дәріптеу бойынша бірлескен шараларды жүзеге асыру көзделген. Алдағы уақытта қор өкілдері кәсіпорындар мен ұйымдарда, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз