ЦЕСАРКА ҚҰСЫ ет және мамық жүн береді

272

0

ЦЕСАРКА ҚҰСЫ ет және мамық жүн бередіҚазір шалғай аймақ тұрғындары
да бұрынғыдай бұйығы емес, нарықтық қатынастың тиімді тәсілдерін тауып, өз нәпақасын
еңбекпен ажыратуды үйрене бастады. Мәселен, Шиелі кентінің тұрғыны Болат Бәйімбет
былтырдан бері қазақтар арасында сиректеу кездесетін кәсіп – құс өсіруді қолға алды.
Құстың жұмыртқасы мен етін бұрыннан да пайдаланып келе жатырмыз ғой, біздің айтпағымыз,
арнайы орын дайындап, мол етіп өсіру, жаңа технологиялы жабдықтармен қамтамасыз
ету, өнімін тіптен облыс көлемінен де асыра саудалау жағдайы туралы.

Біздің кейіпкеріміз Болат Серікбайұлы өткен жылы жоғарыда аталған
цесарка атты құстың ет және жүн бағытындағы өнімді түрін өсіру үшін грант жеңіп
алған еді. Жұрттың сенетініндей бар, арнайы орны, жер көлемі жылына 1 мыңнан құс
балапанын өсіре отырып, олардың санын көбейтуге болады. Қолына 2 млн теңге грант
қаржысы тиісімен Талдықорған қаласынан 60 тауық пен 100 балапанды балаша әлдилеп
алып келді. Жел қақпайтын, суық ұрмайтындай етіп орналас­тырды. Аты тауық болса
да, арнайы жем болмаса, анау-мынауыңды қорексіне бермейтін қасиеті де бар екен әлгі
цесарка дегеніңнің.

– Енді біліп жатырмыз, бұл тауығың малдың үстіндегі кенені қоймайды
екен, сиырларды қуып жүріп, үстіндегі кенесінен ада қылады. Әр жәндіктің өз жауы
бар деген осы екен, – деп таңғалады Болат.

Жаңа кәсіпті қолға алған жерлесіміз көктемгі жұмыртқа аштыруға
дайындық үстінде, осылай өз балапаны есебінен тауықтың басын молайтамыз деген үмітте.
Оған баласы Бегім мен ауылдасы Лилия көмектеседі. Олардан да басқа екі адам
жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр.

Орта және шағын кәсіпкерлікті өрістету мемлекеттің қазіргі
талабы. Өйткені осы арқылы халықтың әлеуетін көтеріп, өз мүмкіндіктерінше еңбек
етуіне жол ашылады.

Нұрмахан
ЕЛТАЙ.

Шиелі кенті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз