ЧЕXИЯ ҰШАТЫН ВЕЛОСИПЕДТІ АЛЫП КЕЛДІ

110

0

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Чеxия павильонында ұшатын велосипедті көруге болады. Жоба авторларының айтуынша, аталған бастамаға жазушы Жюль Вернның қиялындағы велосипед түрткі болды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Flying Bike-ты құрастыруға бір жыл кетті.
Оның ұзындығы – 3,8 метр, ені – 2,5 метр, ал биіктігі – 1,2 метр. Алты пропеллердің арқасында велосипедті көкке көтеруге мүмкіндік бар. Аппараттың жалпы салмағы – 95 келі. Ол 170 келі болатын жүкті көтеруге қауқарлы. Демек, өз салмағын алып тастаса, 80 келіге дейін салмақты адамды көкке ұшыруға болады. Ведосипедте алты қозғалтқыш бар. Төртеуінің қуаттылығы 10 киловатт болса, тағы екеуі 7 киловатт қуатқа ие.
– Велосипедті тоқпен зарядтауға болады. Сондай-ақ, педальды айналдырып, аккумуляторға энергия жинауға мүмкіндік бар» – дейді чеx павильонында жұмыс істейтін гид. Айта кеткен жөн, аккумулятордың сыйымдылығы – 50 ампер/сағат. Велосипед сағатына 50 шақырыммен ұша алады. Алайда, велосипедтің қазіргі нұсқасы тек 3-5 минут қана ұшуға жарайды.   

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз