“ДАМУ” ДЕМЕГЕН ЖОБАЛАР

50

0

“ДАМУ” ДЕМЕГЕН ЖОБАЛАР«Даму» қорының бастамасымен
шағын және орта бизнесті дамытуға арналған «Бизнестің жол картасы – 2020»
бағдарламасының аймағымызда жүзеге асырылуы­мен танысу мақсатында БАҚ өкіл­дері
арасында пресс-тур ұйымдастырылды. Пресс-тур барысында «Даму» Кәсіпкерлікті
дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының директоры
Жансұлтан Матаев атқарылған жұмыстар жайында айтып өтті.

Алғашқы нысан «Батыс
Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық авто­дәлізінің бойында орналасқан сервистік
кешен болды. Жол бойындағы «Амангелді» атындағы екі қабатты ғимарат әзірге жолау­шыларға техникалық
қызмет көр­сету, дәмхана және қонақ үй қыз­меттерін ұсынып келеді. Кәсіпкердің
айтуынша, алдағы уақытта өңірге келген саяхатшылар мен аймақ тұрғындарына атқа
мініп серуендеуге мүмкіндік жасалады.
Яғни, бұл жер келешекте демалуға таптырмас орын болмақ.

Кәсіпкер Р.Сейітжаппарова
2011 жылдан бастап жылқы бағу­мен айналысып келеді. Бүгінде ол бауырларымен
бірге сер­вистік кешеннің қызметін үйлес­тіруге
күш салып отыр. Қазіргі таңда кешенде 15 адам жұмыс жасай­ды, ал жоба толықтай
жүзеге асқан жағдайда 70-ке жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Кәсіп­кер­лікті
дамытуға арналған «Биз­нестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қолдауға
ие болған кәсіпкер «Даму» қоры арқылы «ВТБ Банк» АҚ-мен 100 млн теңге несие
рәсімдеген. Оның айтуынша, несиені өтеу жоба толық жүзеге аса бастаған уақытта
қолға алынады екен.

Жеке кәсіпкер Ерніс
Түлендиевтің өндірістік базасында да жұмыс қарқынды. Көп жылдар бойы мұнай
саласында біраз жобаларды жүзеге асырған ол бүгінде құрылысқа қажетті темір
ілмек және арқан шығарумен айналысады. Мұнда өндірілген өнімдер жүк көліктеріне
қажетті жабдықтар. Мемлекеттік бағдарламаның көмегіне жүгінген кәсіпкер өз өндірісін
кеңейту мақсатында «Даму» қорының қолдауымен несие алған. Бүгінде өзіне
берілген 10 млн теңге қаражатқа мата ілмектері мен арқандар шығарып, өнімдер бүгінде базарларда және
арнайы дүкендерде сатылып келеді. Шикізат Қытай және Ресей елдерінен келеді.
Әзірге өз өнімін облыс көлемінде таратып үлгерген кәсіпкер алдағы уақытта
тапсырыс болған жағдайда өзге өңірлердің де сұранысын қамти алатынын жеткізді.

Мемлекет тарапынан қолдау
тапқан тағы бір өндіріс орны – «Сыр қанағаты» ЖШС. Серіктестік баспа-полиграфиялық
ісімен 5 жылдан бері айналысып келеді. Кәсіпкер Нұғыман Аймаханов осы салада 16
жылдан бері жұмыс жасайды. Өз ісін жетік меңгерген басшы сөзінде серіктестікке
тапсырыс берушілер тек өңірімізден ғана емес, сондай-ақ еліміздің басқа
аймақтарынан да жетіп артылады екен. Өзге өңірлермен де жұмысты жолға қойған
баспахана біз барғанда Солтүстік Қазақстан облысынан түскен тапсырысты аяқтап
жатты. Осының алдында Орал қаласының тапсырысын өз уақытында орын­даған.
Кәсіпорын баспалық және полиграфиялық қызметтен өзге, естелік сыйлық қағаздарын
да шығарады. Өндіріс орнына баспаға қажетті қағаздар Қытайдан келеді.
Кәсіпорында қолданылатын бағалы қағаздар бұрынғы ТМД елдерінің ешбірінде жоқ
көрінеді. Сондықтан да шығарған өнімі жоғары сапалы болып отыр. Нәтижесінде
кәсіпорын өніміне сұраныс та уақыт өткен сайын артып келеді. Екінші деңгейлі
банктен 40 млн теңге көлемінде несие алып,«Сыр қанағаты» ЖШС қаражатқа өндіріс қуатын арттырып, жаңа қызмет түрін
жасауды да қолға алған.

Бүгінде өзінің өнімімен
аймаққа танымал болған «Сластёна» кондитерлік цехы қанатын кеңге жайыпты. Жеке
кәсіпкер Лариса Ким 2006 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналыса бастаған.
«Сластёна» атауымен кондитерлік және нан өнімдерін шығаратын кәсіпкер 9 жыл
ішінде цехты өңірдің үздік өнім өндірушілерінің қатарына қосты. Бүгінде бұл
кәсіпорынның сапалы өнімдеріне сұраныстың жоғары, әрі оның тұрақты тұтынушылары
да жеткілікті екені белгілі. БАҚ өкілдеріне өз кәсібі жайында кәсіпкер Л.Ким
цехтан шығатын өнімдердің қоспаларына тек отан­дық өнімдерді пайдаланаты­нын
жеткізді. Мемлекеттік бағдар­ламаға
жүгініп, цехтың жұмысын кеңейтіп, «Legacy PUB» дәмханасын ашты. Шағын
кәсіпкерліктің дамуына қолдау білдіретін «Бизнестің жол картасы – 2020»
бағдарламасы аясында кәсіпкерге 39 млн теңге қаражат бөлінді.

Жалпы өңір кәсіпкерлері мем­лекеттік
бағдарламаның игілігін көруде. Бағдарлама жүзеге асқан уақыттан бастап
аймағымызда қор тарапынан 302 жобамен субсидияландыру келісімшарты жасал­ған. Өңірімізде төленген
субсидия көле­мі қазіргі таңда 2,2 млрд теңгені құрап отыр. 93 жобаға жалпы
құны 1,4 млрд теңгені құрайтын «Даму» қорының кепілдендіруі берілген.
Кепілдендіру келісімшартының рей­­тин­гі бойынша, Сыр өңірі респуб­ликада
6-орында.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз