ДЕПУТАТТАР ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

98

0

ДЕПУТАТТАР ТАҢДАУ ЖАСАДЫКеше
ҚР Парламенті Сенатына Қызылорда облысынан депутат сайлауы болып өтті. Сайлауға
7 аудан мен Қызылорда қаласы және облыстық мәслихаттан 145 депутат қатысып, үш
үміткерге дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. 

Қызылорда облыстық сайлау
комиссия­сының төрағасы Қорғанбек Қайруллаев сайлау алдында дауыс берудің
ереже-тәртіптерін түсіндірді. Сондай-ақ, Сенат депутаттығына кандидаттарды
тіркеу басталған уақытта 5 азамат сайлауға түсуге ниет білдіргенін және олардың
екеуі өз өтініштері негізінде кандидатурасын қайтарып алғандарын жеткізді. 
Мұнан кейін мәслихат
депутаттарының, яғни таңдаушылардың жасырын дауыс беру рәсімі басталды.
Облыстық сайлау
комиссиясының бі­рік­­­кен отырысында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы
Қорғанбек Қайруллаев санақ қорытындысын жариялады. Ха­лық қалаулыларының басым
дауысына Бекмырза Еламанов (120 дауыс) ие болса, өзге қос үміткер, атап
айтқанда, Әшім Оразбекұлына – 13, Серікбай Өмірзақовқа 12 дауыс берілді. Сенат
депутаттығына сайлауға түскен үш үміткер де «Нұр Отан» партиясының мүшелері.
Сайлауда жеңіске жеткен Бекмырза Еламановтың жасы
64-те. Алматы зоо­вете­ринарлық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын Қызылорда
облысы Қармақшы ауданының шаруашылығында бастаған ол бірқатар шаруашылықтардың
директоры, Қармақшы және Жаңақорған аудандарының әкімі, облыстық ауыл
шаруашылығы басқармасының басшысы, облыс әкімінің орынбасары секілді лауазымды
қызметтерді абыроймен атқарды. Қазіргі таңда облыстық мәлихаттың хат­­шысы.
Айта кетейік, сайлау­шылардың отырысына облыстық
сайлау ко­миссия­сының төрағасы мен мүшелері, ТМД ел­де­рінің бақылаушы мис­сиясының
өкілдері, үміт­керлердің сенімді өкілдері қатысты.
Қырғызстаннан келген байқаушы Абдысамат Бая­линов
бүгінгі сайлау әділ, әрі тиісті заңнамалардан ауытқымай, жоғары дең­гейде
өткенін айтты. Сондай-ақ, Белоруссиядан келген байқаушы, ТМД елдерінің
бақылаушы миссиясының өкілі Олег Кулеба мырза да сайлауға оң бағасын берді.
«Заңнамалық талаптар орнымен, ретімен орындалды. Сайлауды ұйымдастыру шаралары
жоғары. Біздің тараптан ешқандай сын-ескертпе жоқ», – деді ол.
Қырғызстандық тағы бір байқаушы Малабек Токтоболотов:
«Барлығы заң шеңберінде өтті. Сайлау комиссиясының дайындығы жақ­сы. Депутаттар
да толықтай қатысып, дауыс­тарын берді. Тағар мініміз жоқ. Ал дауыс көп жинаған
депутаттың ісіне жеміс тілейміз», – деп атап өтті.
 
Дәурен ОМАРОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз