ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ: 2012 ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДА ӨСІМ 3,6 ЕСЕ!

57

0

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ: 2012 ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДА ӨСІМ 3,6 ЕСЕ!Кез келген мемлекеттің экономикадағы нақты жағдайы көп жағдайда өңдеу өнеркәсібіндегі өсіммен өлшеніп, пішіледі. Бұл тұрғыда алғанда, соңғы жылдары Сыр өнеркәсібінің өңдеу саласында едәуір ілгері басушылық байқалуда. Үстіміздегі жылдың алғашқы жарты жылдығында облыста өңдеу өнеркәсібі 12,2 млрд теңгенің өнімін өндірді. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 17,16 пайыз жоғары.Облыстағы өңдеу өнеркәсібінің ең маңызды буыны тамақ өнімдерін өндіру болып табылады. 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығында бұл саладағы өнімнің нақты көлем индексі 117,6 пайызды құрады. Аталған кезеңде күріш, йодталған тұз, мұнай өнімдерін өңдеу едәуір артты.

Салыстырмалы деректер мынаны айқындап отыр. Үстіміздегі жылдың алғашқы
жарты жылдығының қорытындысымен облыста бір адамға шаққанда өңдеу
өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 9800 АҚШ долларын құрады. Сөйтіп, 2014 жылдың
тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 47,5 пайызға артты. Бұл республикадағы
бірінші көрсеткіш. Ал бұл көрсеткіш бойынша облыс 2012 жылдың тиісті кезеңмен
салыстырғанда 3,6 есе өсімді қамтамасыз етіп отыр.

 

Ж.ӘЛМАХАН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз