ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ

81

0

ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫСыр еліқазақылықтың қаймағын сақтаған, діні мен ділі берік аймақ. Осынау киелі жерімізге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы
Малғажыұлы іссапармен келді.

Дінбасы сапар аясында Еңбек Ері Абзал Ералиевтің демеушілігімен Н.Ілиясов ауылында салынған жаңа мешіттің жұмысымен танысты. Ал жұма күні орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің қайта жаңғырған келбетіне куә болып, жұртшылықпен жұма намазын оқып, жамағатқа уағыз айтты. Сапар соңында облыс орталығындағы жуырда ашылған «Мүсірәлі ата» мешітінде болып, БАҚ өкілдеріне аймақтағы жұмыс сапарын қорытындылады.

– Өңірде 12 жергілікті діни бірлестік болса, 154 мешіт филиал ретінде тіркеуден өткен. Жалпы аймақта діни ахуал тұрақты. Қаңтар айында облыс имамдары «Нұр Мүбәрәк» университетінде біліктілік арттыру семинарынан өтті. Сапар аясында облыс әкімі Қырымбек Елеуұлымен кездесіп, облыстағы діни ахуал, мешіт имамдарының келелі бастамалары, атқарған шаралары мен алдағы жоспарлар жайында кеңесіп, пікірлестік. Бүгінгі күні «Нұр Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінде сырбойылық 48 жас білім алуда. Оның ішінде 11 студенттің оқу ақысы мен жатақханасы облыс әкімдігінің қолдауымен демеушілер арқылы төленіп жатыр. Облыс имамдарының біліктілігі мен білімдері тексерілді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы енгізген «Дін мен дәстүр» сабағында имамдар өз білімдерін жақсы жағынан көрсетті. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз қызметі аясында имам-молдалар мен жалпы дін қызметкерлері үшін үстіміздегі жылды «Дін және тарих тағылымы» деп жарияладық. Біздің ұстанған бағытымыз ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан діни дәстүрімізді жаңғырту, елдің рухани құндылықтарының қайта түлеуіне мұрындық болу, – деген ол дін мен дәстүрдің сабақтастығын кеңінен тарқата айтты.

Жиында Бас мүфти Е.Маямеров еліміздегі діни ахуалға тоқтала келе оның тұрақтылығы жолындағы қызметте имамдардың сауаттылығы мен интеллектісі жоғары болу керектігіне тоқталды. Сол себепті, имамдардың діни сауаты мен білімін арттыру қазіргі таңдағы кезек күттірмес шаралардың бірі екендігін атап өтті.

 

Нұрбек
ДӘУРЕНБЕКОВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз