«ДОМБЫРА-ПАТИ» – ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ

74

0

«ДОМБЫРА-ПАТИ» – ТЕРЕҢӨЗЕКТЕӨздеріңізге мәлім, өткен жылы Лондонда өткен олимпиадада қазақстандықтардың жұлдызды жеңістерін тойлаған жанкүйерлер Лондон көшелеріне шығып ән шырқап, күй күмбірлеткен болатын. Бұл – қазақ күйін шертуден бастау алған «Домбыра Пати» атты көпшілік бағдарламасы.
«Домбыра-Пати» Тереңөзек кентіне де келіпті» деген қуанышты хабарды естіген көпшілік орталық алаңға жүздеп жиналған.
Сонымен Сырдария ауданының аспанын өнерпаздар шырқаған әсем әндер мен күмбір қаққан күйлер кернеді. Салтанатты шарада Аманкелді ауылының дәстүрлі әншісі Ж.Оразов М.Сейфуллиннің «Келіншек» әнін нақышына келтіре орындаса, Жетікөл ауылының күйшісі А.Өтеуов «Балымша», Т.Калкөзов халқымыздың «Тойбазар» күйлерін күмбір қақтырса, Айдарлы аулынан келген Р.Дүрманова халқымыздың «Келіншек» күйін тамылжыта орындады. Көпшілік той-думанның серісі, шіркейлілік М.Әбсадықовтың «Сары бидай» әні мен күй арқылы айтысып, көпшілікті сүйсінткен Т.Сәдуақасов пен Г.Қалибектің өнерлеріне тәнті болды.
Ән мен күй кеш түскенше толас тапқан жоқ.
Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз