ДУШАНБЕ ДЕКЛАРАЦИЯСЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

48

0

ДУШАНБЕ ДЕКЛАРАЦИЯСЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫКеше Тәжікстан астанасында өткен ШЫҰ кеңесінен кейін ұйымға мү­ше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Душанбе декларациясына қол қойылды. Құжатты
Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан Президенттері
рәсімдеді.

Сондай-ақ 6 елдің Көшбасшылары, атап
айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев, Си Цзиньпин, Владимир Путин, Ислам Кәрімов,
Алмазбек Атамбаев, және Эмомали Рахмон ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу
мақсатында өтінім беруші мемлекеттің міндеттемелері туралы үлгілік
меморандумның жаңа редакциясын бекіту туралы, ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін
беру туралы тәртіпті бекіту туралы, 2025 жылға дейінгі ШЫҰ-ның даму
стратегиясының жобасын дайындау туралы, Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің
70 жылдығын мерекелеу туралы, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесі
шешімдерінің іс-әрекетін тоқтату туралы, ШЫҰ-ның символикасы туралы ережені
бекіту туралы, өткен жыл ішіндегі ШЫҰ қызметі жөніндегі ШЫҰ бас хатшысының
баяндамасын бекіту туралы, 2013 жылғы ШЫҰ Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымы
қызметі жөніндегі баян­дамасын бекіту туралы
шешімдерге қол қойды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз