ЕҢБЕК ӘУЛЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕ ДӘСТҮРІ

65

0

ЕҢБЕК  ӘУЛЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕ  ДӘСТҮРІ Сейсенбіде
Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында облыс әкімі Қырымбек
Көшербаевтың қатысуымен «Ата кәсіп – Алтын мұра» тақырыбында еңбек сабақтастығы
форумы өтті.

Аймағымызда облыс әкімінің бас­тамасымен
алғаш рет ұйымдас­тырылып отырған шараның мақсаты өз ісінің нағыз маманы
болған, сол мамандықтарды отбасылық кәсіпке айналдырған еңбек майталмандарын
ұлықтау, жас ұрпаққа үлгі ету, атадан балаға мирас болып келе жатқан кәсіпті,
игі дәстүрді насихаттау болып табылады.

Аталған форумға еңбек сабақтас­тығын
жалғастырушы бірқатар әу­лет­тер қатысты. Әкеден бала­ға жалғасып келе жатқан
кәсіп­тері, өнегелі еңбек жолдары көп­шілікке үлгі етілді. Олардың ішінде
денсаулық сақтау саласы бойынша сырдариялық Садықұлы әулетінде тоғыз жан бір
салада еңбек етсе, олардың жалпы еңбек өтілі 260 жылды құрайды. Сондай-ақ,
шиелілік Қыпшақбаевтар әулетінде 16 адам білім саласында жемісті еңбек етуде.
Олардың жалпы еңбек өтілі 285 жыл. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша диқан әулетінен
Пірдашовтардың еңбек өтілі 75 жыл, Күрбеновтердің теміржолшылар әулетіне 562
жыл толған.

ЕҢБЕК  ӘУЛЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕ  ДӘСТҮРІ Салтанат сахнасына көтерілген облыс
әкімі Қырымбек Көшербаев еңбек династияларын ұлықтаудың, қарапайым еңбек адамын
құрметтеудің маңызына тоқталып, шараға арқау болған еңбекші отбасыларына жылы
лебізін арнады, жиылғандарды Еңбек күні мерекесімен құттықтады.


Құрметті қауым, баршаңызды Еңбек күні мерекесімен құттықтауға рұқсат
етіңіздер! Елбасының 2013 жылғы қарашадағы Жарлығымен бекітілген Еңбек күні
мерекесін биыл біз алғаш рет атап отырмыз. Оның негізгі мақсаты Мемлекет
басшысының «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы» идеясы шеңберінде өнімді
еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау және жұмысшы
әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады. Қазақстанның даму
жолы – бүгін әлем таныған қуатты, сапалы
тұрмысты, саяси-әлеуметтік тұрақтылығы
берік мемлекеттің жолы. Елбасымыз Н.Назарбаев атап айтқандай, Қазақстан қазіргі
заманғы мемлекет, Қазақстан 21 ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30
елінің қатарына қосылуы тиіс. Біздің басты мақсатымыз – 2050 жыл қарсаңында
жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастыру. Еңбек күні мерекесі – Елбасымыз
айқындап берген осынау ұлы мақсатқа қол
жеткізу жолдарының алтын арқауы, қозғаушы күші. Бұл – жалпыға ортақ мереке. Осы
ретте еңбек күні мерекесінің негізгі идеясын Қазақстанның әрбір тұрғынының
ойына, санасына сіңіре білуіміз керек, – деп аталған шараның маңызына тоқталған
аймақ басшысы сөзін жалғай түсті. –
«Еңбек адамды ер атандырады», – дейді халқымыз. Аға буын Сыр елінің
барлық жолында халықтың сана-сезімін қалыптастырып, қазақы рухын жоғалтпай,
еңбекке бір адамдай жұмылдыра білді.

Ауызбіршіліктің, тынымсыз ең­бек­тің
арқасында аймағымыздан 102 Социалистік Еңбек ері шық­ты. Олардың есімдері об­лыс
тарихында алтын әріп­термен мәңгіге жазылып қалды.

Дала академигі атанған Ыбырай Жақаев, ер
азаматтармен бірдей иық тірестіре еңбек етіп, мемлекет байлығын еселеп өсірген
Шырынкүл Қазанбаева, Сәлима Жұмабекова,
Ұлбала Алтайбаева, Жадыра Таспанбетова, Закира Ержанова секілді ақ
жаулықты аналарымызбен мақтанамыз. Еңбек ерлерінің кезіндегі ерен еңбектері
бүгінгі жас ұрпақ үшін аңызға айналғандай. Дала төсін дүбірлеткен Ыбырай атамыз
бастаған еңбек ерлерінің заңды жалғасы Абзал Ералиевтей Еңбек ері бүкіл
тәуелсіз Қазақстанның төл мақтанышы.
Өңірімізде ұрпақтан ұрпаққа отбасылық құндылықтарды жеткізіп, жоғары кәсіби
мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосып отырған еңбек әулеттері қаншама?! Бүгінгі
шараға осындай 12 отбасы қатысып отыр. Жас ұрпақ осындай өнегелі отбасылардан
тәлім-тәрбие алып өсуі керек деп ойлаймын, – деп сөзін түйіндеген Қырымбек
Елеуұлы форумға қатысушы еңбек династияларын марапаттап, Алғыс және естелік
сыйлықтар табыстады.

Сондай-ақ, еңбек сабақтастығы форумына
қатысушыларды Қазақстанның Еңбек ері, «Абзал и К» компаниясының президенті
Абзал Ералиев құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. Өз кезегінде сөз алған ауыл
шаруашылығы саласының еңбеккері, диқан Бегалы Пірдашов пен әлеуметтік
қызметкерлер әулетінің мүшесі Фатима Сейдахметова шараны ұйымдастырып, еңбекші
отбасыларының мерейін үстем еткен аймақ басшысына алғысын білдірді.

Салтанатты шара одан әрі жергілікті
өнерпаздар ҚР Еңбек сіңірген артисі Күлән Қалымбетова, Мәдениет қайраткері Үміт
Медеуова сынды әншілердің әсерлі ән-жырларымен
өрнектелді.

Айнұр БАТТАЛОВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз