ЕКІ БАЛАБАҚША, ЕКІ ЕМХАНА

244

0

ЕКІ БАЛАБАҚША, ЕКІ ЕМХАНАҚызылорда қаласы күніне орай аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысанның ашылу салтанатына қатысты.

Қай кезеңде болмасын жас ұрпақты тәрбиелеу қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс. Білім – баға жетпес рухани байлық, ғылымның іргетасы, мемлекет дамуының алтын арқауы. Өсіп-өркендеудің, табысқа, жетістікке жетудің, дәулетті өмір сүрудің негізі балабақшалардан бастау алады.

«Ақсуат» ауылдық округіне қарасты «Наурыз» шағын мөлтек ауданында орналасқан 140 орындық «Сыр самалы» балабақшасы мен Қызылжарма кентінде 280 орындық «Сыр дидары» балабақшасы іске қосылды. Қос балабақшаның ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйлеген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, «Биылғы жылы Қызылорда қаласының өзінде ғана 16 жекеменшік және 2 мемлекеттік балабақша пайдалануға берілді. Мұның барлығы да Елбасының бүлдіршіндерге, оқушы жастарға жасап жатқан қамқорлығы. Жаңа ғимараттарыңыз құтты болсын! Іші сәбилердің шат күлкісіне толсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!» – деді.

ЕКІ БАЛАБАҚША, ЕКІ ЕМХАНАЕл экономикасының дамуына орай қай салада болмасын жаңа
серпілістер мен тың өзгерістердің жүзеге асып жатқаны белгілі. Қаламызда түрлі құрылыс нысандары,
жаңа тұрғын үйлер мен ғимараттардың бой көтеруі әлеуметтік экономикалық
жағдайдың ілгерілеушілігін байқатады.

Қызылжарма ауылдық округі және Ж.Махамбетов ауылында орналасқан екі дәрігерлік амбулаторияның лентасын қиған аймақ басшысы «Өңірімізде денсаулық сақтау саласында халық игілігі үшін қызмет ететін жаңа дәрігерлік амбулаториялардың пайдалануға беріліп жатқандығы – үлкен қуаныш» – дей келе, – Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында «Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақ­тана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – ауру­дың алдын алудың негізі» – деген болатын. Жыл өткен сайын аймағымызда әлеуметтік нысандар көптеп салынуда. Бұл әлеуметтік нысандардың басым бөлігі қалаға қарасты ауылдарда бой көтеруде. Атап айтсақ, бір ғана осы Қызылжарма ауылының өзінде ауылдық клуб, дәрігерлік амбулатория және 280 орындық балабақша пайдалануға берілсе, 2 көше жөнделіп, 8 көшеге тас төселінді. Қазіргі таңда, ауыз су мәселесі толыққанды шешіліп, газдандыру жұмысы 2015 жылы толық аяқталады» – деді.

Адамның өмір сүру деңгейін жақсарту – бұл, ең алдымен, медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты екені белгілі.

– Соңғы жылда облыста ауыл тұрғындарының денсаулығын бақылау мәселесі өткір қойы­лып келеді. Сондықтан, біз облысымызда денсаулық сақтау саласын дамыту мақса­тында 2013-2014 жылдарға арналған «Жол картасын» әзірледік. Бұл ең алдымен өзекті мәселелерді түбегейлі шешуге мүмкіндік беретін болады. Сонымен қатар, соңғы 3 жылда өңірімізде 39 медициналық нысан пайдалануға берілсе, биылғы жылы 18 жаңа нысанды халық игілігіне беру жоспарланып отыр, – деді облыс әкімі Ж.Махамбетов ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатында.

Халық игілігі үшін ашылып отырған нысандардың жұмыстарына сәттілік тілеп, тәуелсіз ел халқының денсаулығы мықты, болашағы жарқын болсын, деген ниетпен облыс әкімі, жаңа дәрігерлік амбулатория ұжымдарына автокөлік кілттерін табыстады.

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз