ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУЫ МАРДЫМСЫЗ

57

0

ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУЫ МАРДЫМСЫЗКеше облыс әкімі Қырымбек
Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген
отырысы өтті. «Екінші деңгейлі банктер мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры»
АҚ-ның шағын және орта бизнес нысандарын несиелеуге қатысуы» тақырыбында
ұйымдастырылған жиында аймағымыздағы жүзеге асырылып жатқан  «Бизнестің жол картасы – 2020» секілді
мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруға жекеменшіктегі банктердің
самарқаулығы сынға алынды. 

2013 жылдың қыркүйек айында құрылған облыс әкімі жанын­дағы
кәсіпкерлер Кеңесінде жер­гілікті билік өңір кәсіпкерлері тарапынан ұсынылған
баянды бас­тамаларды дер кезінде қолдап, олардың кедергісіз жұмыс жасауына оң
ықпал жасап келеді. Алайда, шағын және орта кәсіп иелерін мемлекеттік
бағдарламалар бойынша қаржыландыру ісіне екінші деңгейлі банктердің бөлімшелері
онша құлықты емес. Сондықтан да жиынға 
осы жолы  еліміздің «Ұлттық банк»
пен Қазақстан Қаржыгерлер ассоциациясының өкілдері, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту
қоры» АҚ басқарма төрайымы және қаламыздағы барлық екінші деңгейлі банктердің
облыстық филиал басшылары түгел қатысты.
Басқосуды ашқан аймақ басшысы Қ.Көшербаев қазіргі
таңдағы кәсіпкерлікті қолдау мемлекетіміздің экономикалық саясатының басым
бағыты екендігін, Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында кәсіпкерлік
саласы ұлттық экономикамыздың қозғаушы күші ретінде анықталғанын, сонымен
қатар, осы маңызды мәселенің елдің дағдарысқа қарсы жоспарында бар екендігін
атап өтіп, облысымызда шағын және орта бизнесті қаржыландыру ісі өткір күйінде
тұрғанын жеткізді.
Мұнан соң кезек хабарлама­шыларға берілді. Алдымен
облыс­тық кәсіпкерлік және туризм бас­қармасының басшысы Тельман Сүлейменов
«Екінші деңгейлі банк­­тер мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның шағын
және орта бизнес нысандарын несиелеу­ге қатысуы» тақырыбында баяндама жасап,
зерттеулер нәтижесін жария етті.
Нақты кезеңде облыста екінші деңгейлі 12 банк филиалы
жұмыс жасайды. Биылғы 8 айда осы банктер арқылы ШОБ нысандарына 12,8 млрд.
теңге несие берілген. Ал, республикадағы шағын бизнесті несиелеу сомасы 1,5
трлн. теңгеден асады екен. Статистикаға жүгінсек, осындағы біздің облыс­тың
үлесі небәрі 0,8 пайызды құрайды. Яғни, аймақтардың ішіндегі рейтинг бойынша
біз ең соңғы орынға тұрақтағанбыз. Бұл, әрине, жоғарыда атап өткеніміздей, банк
филиалдарының бизнесті қолдауға немқұрайдылығының сал­дарынан болып отыр. – Ел­ба­сы­ның
тапсырмасына сәйкес, екінші деңгейлі банктерден несие алу қолжетімді болуы
тиіс. Бірақ, кәсіпкерлеріміздің банктерге деген өкпесі қара қазандай. Тіпті,
несие соңында айлап емес жылдап жүретіндер бар. Нәтижесінде, банкке қолын бір
сілтеп, тастап кетеді, –- деді аталған басқарманың басшысы.
Оның айтуынша, Ұлттық қо­дан өңдеуші секторға бөлінген
қаржыдан облыстық банк филиалдары арқылы 25 жоба қар­жыландырылған. Несие
сомасы 609 млн. теңге ғана. Атап айтқанда, «БанкЦентрКредит» өңірдегі фи­лиалы
19 жобаны, «Халық Банк» 9 жобаны, «Темірбанк» 3 жо­ба­ны қаржыландырған. Биыл­дан
бастап өңірдегі 12 банк филиалының 10-ы кәсіпкерлік нысандарды несилендіруде.
Бірақ, өте аз мөлшерде. Жалпы, «Биз­нес­тің жол картасы–2020» бағ­дар­ламасы
облыста 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Аталған бағдарлама 6 компонент
арқылы жүзеге асырылса, оның 3 компоненті тікелей екінші деңгейлі банктердің
қатысуымен жүргізіледі. Кәсіпкерді несиесінің пайыздық мөлшерлемесін
субсидиялау, оған ішінара кепілдік беру және валюталық несиесі бар кәсіпорындарды
қолдауда банктердің үлесі аз.
Кеңесте сөз алған «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, «Ұлттық банк» өкілі Керімқұл Есболатов жә­не
Қазақстан Қаржыгерлер ассо­циа­циясының өкілі Мәулен Өтеулиев және жергілікті
кәсіпкерлер бұл мәселенің оң шешімін табу жолдары туралы ұсыныстарын
айтты. 
Кеңес жұмысын қорытқан аймақ басшысы Қ.Көшербаев
облысымызға Еуропалық қайта құру және Даму Банкісінің басшысы сэр Сума
Чакрабарти сапарлап келіп, 6 жобаны қаржы­ландырғанын, қараша айында әлемдік
деңгейдегі беделді банк­пен тағы 2 үлкен жобаны қар­жы­ландыру бойынша келіссөз
жүр­гі­зілетінін атап өтті. Енді екін­ші деңгейлі банк­тер филиалдарымен нақты
жұмыс жасауға көшетінін, алдағы уақытта «Ұлт­тық банктің» басшысы мен бар­лық
екінші деңгейлі банктердің же­текшілерінің басын қосып, олардан нақты ұсыныстар
күтетінін айтты. Бұл өткір мәселені дереу жоғары деңгейде шешуге күш салатынын,
осылайша, шағын және ор­та бизнес­ке барынша қолдау көр­сету біздің азаматтық
борышымыз екендігін жеткізді. Облыс әкімі өзінің орынбасарлары Серік Қожаниязов
пен Наталья Годуноваға және бірқатар бас­қарма басшыларына тиісті тапсыр­малар
берді.
 
Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз