ЕКІНШІ КЕЗЕҢНІҢ ЕКПІНДІ НЫСАНДАРЫ

49

0

ЕКІНШІ КЕЗЕҢНІҢ ЕКПІНДІ НЫСАНДАРЫ

Өткен
аптаның бейсенбісінде облыс әкімшілігінің мәжіліс залында Дүниежүзілік банкі
және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
арасында САРАТС-2 жобасын жүзеге асыру бойынша бірлескен мәлімдемеге қол
қойылды. Осыған байланысты жобаның екінші кезеңінде атқарылатын жұмыстар туралы
айтып өткенді жөн көрдік.

САРАТС-2 жобасы екі кезеңнен тұрады.
Жобаның бірінші кезеңінің жалпы құны 22,2 млрд. теңгені құрайды.

САРАТС-2 жобасының жүзеге асырылуын
жеделдету мақсатында жобаны жүзеге асырудың екі кезеңдік тәсілін қолдану туралы
шешім қабылданып, бірінші кезеңіне мына компоненттер енгізілген. Сонымен,
бірінші кезеңде 6 компонент жүзеге асырылады. Олар:

– Қызылорда су торабының сол
жағалаудағы шлюз-реттеуішін қалпына келтіру,

– Қазалы мен Қармақшы аудандарында
қорғаныс бөгеттерінің құрылысын жүргізу,

– Қармақшы ауданындағы Қорғанша және
Тұрымбет учаскелерінде өзен арнасын түзету,

– Қазалы ауданындағы Бірлік ауылы
тұсында автомобиль көпірін салу,

– Қамыстыбас, Ақшатау көлдер жүйелерін
қалпына келтіру,

– Тастақ учаскесіндегі балық өсіру
тоғандарын кеңейту.

Сонымен бірге, САРАТС-2 жобасының І
кезеңін жүзеге асыру кезінде Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру және
Сырдария өзені бассейнінің Қазақстан бөлігінде су ресурстарын басқарушы жұмыс
орталығын салу және жабдықтау компоненттері бойынша ТЭН дайындау жұмыстары қоса
жүргізіледі.

Қазіргі таңда облыс әкімдігі мүдделі
мемлекеттік органдармен бірлесіп Елбасы мен Үкімет басшысының тапсырмаларын
орындау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бүкіл аймақ халқы үшін өмірлік маңызы
бар бұл жобаның екінші кезеңінің қолға алынуы 9 жылға созылып кетті. Енді сәтін
салса, САРАТС-2 жобасын жүзеге асыру алдағы жылы басталатын болады.

Дәуіржан
ЕЛУБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз