ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

62

0

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ  ЖАҢА БЕЛЕСІНұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының
төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.

Келіссөз барысында екіжақты
ынтымақтастықтың, оның ішінде сауда-экономика, инвестиция, көлік-транзит,
отын-энергетика, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды
нығайту перспективаларының кең ауқымды мәселелері қаралды.

Бұдан бөлек, екі мемлекеттің басшылары өңірлік және
халық­аралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпин­ге
жұмыс сапарымен келуге, сондай-ақ G-20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс
айтты.

– Қытай ұйымға күрделі кезеңде төраға болды. Сіздер
әзірлеген күн тәртібі дамудың қазіргі кезеңінде өте өзекті. Бүгінде G-20-ның эко­номикалық
проблемаларға мән беруі бүкіл әлем үшін маңызды мін­деттерді шешуге септігін
тигізетін болады, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев ынтымақ­тастық орныққан жылдарда
Қазақ­стан мен Қытай арасындағы се­німнің айтарлықтай нығая түс­кенін атап
өтті.

– Біздің байланысымыз мемле­кет­аралық
қарым-қатынастың үл­гісі бола алады. Стратегиялық серіктестіктің үлгілі моделін
құрып, экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтердік. Қазақстан мен
Қытайдың үкіметтері қол жеткен келісімдер қорытындысы бойынша алға қойылған
міндеттерді орындау жұмысымен белсене айналысуда. Биыл біз Қазақстан
тәуелсіздігінің 25 жылдығын, ал келесі жылы елдеріміз арасындағы дипломатиялық
қарым-қатынастың 25 жылдығын атап өтетін боламыз, – деді Елбасы.

Си Цзиньпин еліміздің жаһан­дық диалогқа елеулі үлесін
қосып келе жатқанына ризашылық біл­діріп, Қазақстанның өңірдің және бүкіл
әлемнің экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

– Былтыр осы уақытта Бейжіңде біздің кездесуіміз өтіп,
оның қорытындысы бойынша қарым-қатынастың жаңа кезеңі туралы бірлескен
декларацияға қол қойылған болатын. Қазір барлық саладағы екіжақты серіктестік
қарқын алып келеді, оның одан әрі дамуы жолындағы міндеттер айқындалды. Біздің
қарым-қаты­насымыздың орнағанына келесі жылы 25 жыл толатынын ескере отырып,
өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайта түсу қажет. Сондай-ақ, бірлескен
күш-жігер арқылы адалдық, өзара сенім, ауызбіршілік және өзара көмек рухындағы
қарым-қатынасты қалыптастыра отырып, стратегиялық үйлесімді, өзара тиімді ынтымақтастықты
күшейте түсу керек, – деді ҚХР төрағасы.

Тараптар алдағы саммит әлемдік экономиканың бұдан арғы
даму жолдарын айқындауда маңызды рөл атқарып, жаһандық экономикалық өсімнің
жаңа қозғаушы күшіне айналады деп үміттенетінін білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз