ЭКСПО-ның ашылу салтанатында субұрқақ шоуы өтеді

148

0

ЭКСПО-ның ашылу салтанатында субұрқақ шоуы өтедіБүгін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми ашылу салтанаты өтеді. Соған орай Астанада таңғажайып субұрқақ шоуы мен от шашу ұйымдастырылады, деп хабаралайды BAQ.kz тілшісі.
Әлемнің 100-ден астам елін қамтыған көрменің ашылу салтанатына 20-ға жуық мемлекеттің басшылары қатысады деп күтілуде.
Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда бүгін кешке астаналықтарға субұрқақ шоуы мен от шашудан тосынсый дайындалып жатқан көрінеді.
«Көрермендер үшін керемет сыйлық, Сфера үстіндегі шоу – лазерлерді, проекцияларды, шамдарды және музыканы қамтитын 10 минуттық таңғалдырарлық сәулелер және субұрқақ шоуы болады» – дейді олар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз