ЭКСПО қонақтары ерекше отшашуға куә болды

61

0

ЭКСПО қонақтары ерекше отшашуға куә болды«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне орай Елордада таңғажайып лазерлік шоу мен от шашу қойылды.

Шоуды 20-ға жуық елдің мемлекет басшылары, шетелдік делегация өкілдері тамашалады.

Көрме қонақтары сфера үстіндегі таңғалдырарлық сәулелер бейнелеген лазерлік шоу мен ерекше от шашуды көрді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шоу 10 минутқа созылған.

Айта кетейік, «ЭКСПО» көрмесіне 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысуда. Көрме «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған. Астанада ашылған халықаралық мамандандырылған көрме 10-қыркүйекке дейін жалғасады.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімінен 1200-ге тарта отандық және шетелдік журналист ақпарат таратып, телеарналар тікелей көрсетілім ұйымдастыруда. Сондай-ақ, Қазақстанның барлық облысынан да ат арылтып журналистер келген.
 
BAQ.kz
ЭКСПО қонақтары ерекше отшашуға куә болды
ЭКСПО қонақтары ерекше отшашуға куә болды
ЭКСПО қонақтары ерекше отшашуға куә болды
ЭКСПО қонақтары ерекше отшашуға куә болды
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз