ЕЛ АУМАҒЫНДА ТЕРРОРЛЫҚ ҚАУІПТІҢ «САРЫ» ТҮСІ ЕНГІЗІЛДІ

52

0

Үстіміздегі жылдың 5-6 маусым күндері Ақтөбе облысының
аумағында террористерді жою жөнінде антитеррорлық операциялар жүргізілуде.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Республикалық
терроризмге қарсы күрес оперативтік штабының жетекшісі – ҚР ҰҚК төрағасы,
генерал-лейтенант В.З.Жұмақанов ҚР Пре­зидентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы
бекітілген №611 Жарлығы бойынша халыққа террорлық актілердің қаупін ескерту
және ақпараттандыру ережесінің 4-тармағына сәйкес, Алматы, Ақмола, Ақтөбе,
Атырау, ШҚО, БҚО, СҚО, ОҚО, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар
облыстарында және Алматы мен Астана қалаларында 40 тәулікке дейін террорлық
қауіптің «сары» түсі жарияланды.

Осыған байланысты халықты жүргізіліп жатқан
мемлекеттік органдардың жұмысына түсіністікпен қарауға шақырады.

Иесіз қалған заттарға (сөмке, қораптар, орамалар,
қаптар, чемодандар және т.б.) назар аударуға, әсіресе, сым жалғанған техникалық
құрылғыларға көңіл бөліп, көлікте, қоғамдық орындарда күдікті адамдарға назар
аудару керектігіне кеңес беріледі.

Күдікті заттарға жақындамай, бейтаныс адамдардан
сәлем-сауқат алып, оны сақтауға болмайды.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің
іс-қимылдарына, құжат тексерулеріне түсіністікпен қарап, мейілінше көмек
көрсетілуі керек.

Әбігерлікке жол бермей, тек ресми мемлекеттік
органдардың мәліметтерін басшылыққа алу қажет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз