ЕЛ ДАМУЫ ЕЛДІ МЕКЕННЕН БАСТАЛАДЫ

92

0

ЕЛ ДАМУЫ ЕЛДІ МЕКЕННЕН БАСТАЛАДЫ  Бейсенбі күні
облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қармақшы ауданының Төретам кенті мен Ақай
ауылында болып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты.
Сапар аясында кент және ауылдық округ тұрғындармен кездесті.

Облыс әкімінің
жұмыс сапары Байқоңыр қаласынан бастау алды. Жұлдызды қалашықтағы «Байқоңыр»
қонақ үйінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ресейдің Федералдық ғарыш
агенттігінің төрағасы Игорь Комаровпен кездесті.
Мәжілісте
тараптар бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Нақтырақ айтсақ, бұрын Ресей
Федерациясында жалға берілген 25 мың гектар жер телімін кері қайтарып алуға
байланысты алдын-ала келісім жасалды. Енді тиісті құжаттар рәсімделіп, мәселе
оңынан шешілсе, бұл жердің 3579
гектары ғарышты шаһар іргесіндегі Төретам кентіне
берілетін болады. Осы жер учаскесінің 184 гектары кент
дамуының бас сызбасы бойынша жаңа кент орталығын салуға, 90 гектары шағын және
орта кәсіпкерлік нысандарын салып, бизнесті дамытуға, келесі 145 гектары аталған
кенттің аумағын кеңейтуге бағытталады. Сондай-ақ, Ақай ауылының аумағы да
ұлғаяды. Оған 122 гектар
жер телімі беріледі. Бұған қоса, 21344 гектар жер телімі «Батыс Еуропа – Батыс
Қытай» халықаралық автодәлізінің бойында көліктік-логистикалық инфрақұрылым
салуға және жоғары қысымды «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистаралды газ құбырының
желілік бөлігін өткізу мақсатына қолданылады деп жоспарланып отыр.
 Басқосуда Байқоңыр қаласы мен Сыр өңірінде
ішкі туризмді дамыту, жұлдызды қалашықтағы қазақтың қаракөз балалары білім алып
жатқан 6 мектепті қазақстандық білім стандартына көшіру, Ұлы Жеңістің 70
жылдығы мен «Байқоңыр» кешенінің 60 жылдығын мерекелеу мәселелері де кеңінен
талқыланды. Айта кетейік, «Байқоңыр» кешенінің 60 жылдығы алдағы жаз айында,
яғни, 2-ші маусым күні аталып өтіледі. Мерекелік шараға көршілес мемлекеттен
қонақтар келеді. Ал мамыр айының ортасында Байқоңырда Қазалы мен Қармақшы
аудандарының мәдениеті мен өнері күндері ұйымдастырылады. Кездесу барысында
былтырдан айтылып келе жатқан Байқоңыр қаласындағы 6 мектепті қазақстандық
стандартқа көшіру мәселесі тақырыпқа тамызық болған сәтте аймақ басшысы:  – Білім ошақтарына негізгі жауапты ведмоство
ретінде Федералдық ғарыш агенттігін белгілеу дұрыс емес. Бұл ұйымдастырудағы
процедураны қиындата түседі. Сондықтан біздің ұсынысымыз екі салалық
министрлікпен келісе отырып, жергілікті атқарушы органды жауапты ретінде
белгілеу қажет, – деді.
Ғарыш айлағының туристік әлеуеті жоғары болуы
себепті де біздің мақтанышымыз – Байқоңыр кешені 2017 жылы Астанада өтетін  халықаралық көрмеде шетелдік және отандық
туристерге көрсетілетін нысандардың қатарына кіргені белгілі. Әлемде теңдесі
жоқ ғарыш айлағының туристік орталыққа айналатын күні алыс емес. Бұл мақсатта
ғарыш зымырандарының көк төсіне самғайтын сәтін тамашалайтын арнайы екі кешен
салынады. Сонымен қатар, ғарыш аумағындағы қос әуежайдың бірі – «Крайний»
әуежайы күрделі жөндеуден өткізіліп, Астана-Қызылорда-Байқоңыр,
Алматы-Қызылорда-Байқоңыр бағыттарында әуе рейістерін ашу бағытында жұмыстар
жасалады. Бұған қоса, Байқоңырға кіруге рұқсат беруге арналған құжаттарды
дайындау рәсімі жеңілдетілетін болады.
Мұнан соң облыс әкімі Төретам кентіндегі жаңадан
ашылған «Барыс» сауда орталығына ат басын бұрды. Аталған орталық ел Үкіметінің
2010-2014 жылдарға арналған сауданы дамыту туралы бағдарламасы және 2014-2015
жылдарға арналған республикалық сауда базарларын заманауи жаңа форматқа
кезең-кезеңімен көшіру іс-шаралары жоспары аясында салынған. Екі жыл бұрын
пайдалануға берілген нысанның құны – 100 млн. теңге. Аймақ басшысына сауда орталығының
иесі Оңталап Қирабаев бірнеше адамды жұмыспен қамтып отырғанын, бұл сауда
орталығының қос елді мекен мен Байқоңыр қаласының тұрғындарына сапалы қызмет
көрсетіп келе жатқанын жеткізді. Осы жерде облыс әкімі Төретам кентінде ШОБ-ты
дамытуға қолайлы мүмкіндік жасалатынын, Байқоңыр ғарыш айлағына берілген жер
телімінің кері қайтарылатынын атап өтті.
 
Келесі
аялдаған нысан – кенттегі №269 мектеп болды. Мұнда нақты кезеңде 565 оқушы
білім алуда. Өткен жылғы түлектер ҰБТ-дан орташа 65 балл жинады. Мектеп жанындағы
«Балауса» шағын орталығында 50 бала тәрбиеленуде. Жаңа мектеп са­лынғанға дейін
оқушылар теміржолдың арғы бетіндегі мектепке қатынап, білім алыпты.
Жаңақорған
ауданындағы «Талдысу» тынығу орнына Қармақшы ауданынан 131 бала барып, алдағы
сынаққа дайын­далған-ды. Соның 6-ы осы білім ошағы­ның оқушылары. Мектеп
директоры Ф.Ама­нованың айтуынша, дайындық нә­ти­жесі жаман емес, түлектер
жоғары көр­сеткіш көрсетіпті. Биыл мұнда 12 оқушы мектеп бітірсе, соның 11-і
ҰБТ-ға қатысады. Мектеп бітірушілермен және ұстаздар қауымымен жүздескен облыс
басшысы елдің болашағы саналатын өрендерге мемлекет тарапынан барлық жағдай
жасалып жатқанын айтты. Облыс әлеуметтік салаға, оның ішінде білім са­ласына
қаражат бөлуден республикада ал­дыңғы қатарда тұр. Мәселен, өткен жылдың өзінде
салаға 66 млрд. теңге қаражат бөлінген. Алдағы 3 жыл ішінде облыстағы 22
мектепке 9 млрд теңге қаражат қаралып, оларға Назарбаев Зияткерлік мектебінің
тәжірибесі кеңінен енгізіледі. Естеріңізде болса, облыстың бюджеті 1996 жылы
осы шамадан аспайтын. Мұның бәрі Елба­сының жасап жатқан қамқорлығының нә­тижесі.
«Оқушыларымыз бізден де алғыр, бізден де білікті болып шығуына біз бар­лық
жағдайды жасауымыз керек», – деп түйіндеді ойын аймақ басшысы.
Бұған
қоса, 2013 жылы аймақта мектеп бітіруші 300, өткен жылы 107 оқушыға білім
гранты берілсе, биыл тағы 100 түлекке облыс әкімінің гранты бөлінгелі отыр.
Нақты кезеңде Сыр өңірінің оқу­шылары Ресейдің маңдайалды оқу орын­дарында
облысқа керек мамандықтар бой­ынша оқып жатыр. Ең бастысы, олар Ресей Үкіметі
есебінен бөлінген қаражатқа білім алуда.
11-сынып
оқушысы Г.Қожамұратова «Талдысу» лагерінде ұйымдастырылған қосымша курстың
маңызын атап өтіп, бітіруші түлектердің білімін жетілдіруге жасалған
мүмкіндікке алғысын білдірді.
Аймақ
басшысы Ақай ауылында салынып жатқан 280 орындық балабақ­шаның құрылысымен
танысты. Бұл бала­бақша биыл тамызда ел 
игілігіне берілмекші. «Болашақ – Құры­лыс” ЖШС салып жатқан нысан толық
пайдалануға беріл­генде кезекте тұрған 300-ге жуық бала түгелге дерлік
балабақшаға қабылданады. Айта кетейік, тұрғындарға үш балабақша, бір орта
мектеп, емхана, клуб, кітапхана, спорт алаңы, нотариаттық кеңсе қызмет
көрсетеді. Кәсіпкерлік нысандарға келсек, мұнда 2 наубайхана, 5  ЖШС, 2 шаштараз, 2 тіс емдеу кабинеті,
бірнеше тойхана мен 30 дүкен және кондитер цехы бар. Тіркелген 30-дан астам
кәсіпкердің бәрі салығын төлеп, жергілікті бюджеттің ұлғаюына сеп болып
отыр. 
Облыс
әкімі осында былтыр ірге көтерген 600 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын да
назарға алды. Қазір Ақай­дағы жалғыз мектеп 320 балаға арнал­ған. Ал онда білім
алып жатқан шәкірт­тер саны 875-ке жетіп отыр. Ауыл әкімі Р.Байшораеваның
әңгімесінен аңғарға­нымыз, шағын ауыл ұлғайып, уақыт озған сайын тұрғындардың
саны артып келе жатыр. Мәселен, 12 жыл бұрын мұнда барлығы 1000 адам болса,
тұрғындар саны бүгінде 5 мыңнан асқан. Типтік жобадағы мектеп ауылдағы халық
санының өсу дина­микасын ескергендіктен және бала­ларға сапалы білім беру
мақсатында салы­нып отыр. Жобаның жалпы сметалық құны – 890,7 млн теңге. Оның
төрттен бірі өткен жылы игеріліпті. Ауылдағы балабақша тәрізді бұл мектеп те
алдағы жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Қолданысқа берілгеннен кейін екі
мектепте де балалар бір ауысымда оқитын болады. Түстен кейін түрлі үйірмелер
жұмыс жасайды.
Сапар
соңында Ақай ауылындағы «Достық» саябағында облыс басшысы кент, ауыл
тұрғындарымен кездесіп, емен-жарқын әңгімелесті. Еске сала кетсек, Байқоңыр
қаласына кіреберіс жерден саябақ салуға осыдан бір жыл бұрын Қармақшы аудандық
бюджетінен 49,7 млн теңге бөлінген еді. Мердігер болып танылған «Өмірзақ» ЖШС
саябақты қараша айында тұрғындар игілігіне ұсынды. Осы жерде ауыл ардагерлері
елдің болашағына қатысты ойларын ортаға салып, көкейдегі сауалдарын да жолдап
жатты. Жарыққа қатысты сұрақтарға облыс әкімі Еуропаның қайта құру және даму
банкімен 3 жылдық бағдарлама жасалғанын айтты. Қазір тек Төретам мен Ақай ғана
емес, өңірдегі электр желілерінің 80 пайызының тозығы жетіп тұр. Электр желісі
банктен алынатын несие қаражаты есебінен толық жаңартылады.  Сонымен қатар, биыл газ келетіні, ол үшін
«ҚазТрансГаз» компаниясы 23,2 млрд. теңге қаражат бөліп, облысты газдандыру
жұмыстары екі бағытта бірдей басталғаны айтылды. Айта кеткен жөн, облысты
газдандыруға мұндай қомақты қаражат бізден өзге бірде-бір өңірге бөлінген жоқ.
Жалпы, облысқа барлығы 14  автоматты газ
тарату стансасы салынады. Нақты кезеңде оның 5-нің құрылысы басталды. Төретам
кентіне көгілдір отын жыл соңына дейін келеді. Біздің барлық біріккен
жобаларымыз жүзеге асқанда Төретам кенті мен Ақай ауылдық округі Байқоңыр
қаласымен бірге кешенді түрде дамиды.
Сыр
өңірінің соңғы жылдары жасарып, жаңарып келе жатқанын қуанышпен жет­кізген
кенттегі ардагерлер кеңесінің төр­ағасы Жақсылық Қыпшақбаев аймақ бас­шы­сына
ризашылығын білдіріп, Сыр өңірін қамқорлық қанатына алған Мемлекет басшысына
алғаусыз алғысын білдірді.
 
Дәуіржан
ЕЛУБАЕВ,
Бағдат
ЕСЖАНОВ
(сурет).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз