ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

56

0

ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ Кеше
Ақордада Мемлекет басшысының төраға­лығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы болып
өтті.

Отырыста
биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму, индустриялық-инновациялық
бағдарламаны жүзеге асыру, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ны
трансформациялау жөніндегі тапсырмалардың орындалуының қорытындылары
қарастырылды.

Мемлекет
басшысы қалыптасқан экономикалық жағдайда оған бейімделуге және әрі қарай
дамуға қажетті мүмкіндіктерді табу маңызды екенін атап өтті.

– Бүгінде
мемлекеттік шығыстар 1,5 триллион теңгеге қысқарды және ол ауыртпалықсыз
жасалды. Бюджеттің кіріс бөлігіндегі қиындықтарға қара­мастан, мемлекет
тарапынан әлеу­меттік кепілдіктер уақытылы орындалуда. Бұл өте маңызды, – деді
Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан
Назарбаев Үкімет пен Пар­ламент «100
нақты қадам» Ұлт жо­с­­­­па­ры аясында бірлескен ауқымды жұ­мыс атқарғанын,
нәтижесінде 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық институционалдық реформаларды
жү­зеге асырудың заңнамалық негізі қамта­масыз етілетінін айтты.

Мемлекет
басшысы әлемдік экономика өсімінің баяулауы негізгі шикізат тауарларына сұраныс
пен бағаның төмендеуі жағдайында, сондай-ақ теңге­нің еркін айналым бағамына
көшуге байланысты дағдарысқа қарсы жүйелі және жедел шаралар қабылдау қажеттігі
туындайтынына назар аударды.

Атап
айтқанда, Қазақстан Прези­денті дағдарыс өзінің теріс салдарларымен бірге
отандық экономиканы қайта құрылымдау үшін, оның бәсекелік қабілетін арттыру
үшін жаңа мүмкіндіктер беретініне тоқталды.


Өзінің бәсекеге қабілетін көр­сеткен күшті компаниялар ғана қалатын уақыт
келді. Қалғандары кетуі тиіс, олардың орнына заманауи менеджмент, жаңа
маркетингтік стратегия, жаңа мамандар әкелетін жаңа басқарушылар келеді. Бұл
үдерістердің айқын регла­мент­телуі және ашық заңнамалық негізі болуы тиіс, –
деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан
Назарбаев Парламент оңалту және банкроттық туралы заң­намаға меншік иесін
ауыстыру және кредитордан қорғау тетіктерін жақсар­татын түзетулер қабылдағанын
айтты.

– Осы
құжат арқылы кәсіпорынды қаржылық сауықтыру мақсатында қарызды қайта құрылымдау
мәселесін қарызгер мен қарыз беруші бірлесіп шешетін, төлем қабілетсіздігін
реттеудің жаңа жүйесі қаланады.Банкроттық үдерісі – күйреп қалу емес, кәсіпорынды дамудың жаңа деңгейіне
шығару ғана. Бұл ретте осы үдерістің артық-кемін егжей-тегжейлі түсіндіретін,
ойланып істейтін қажырлы еңбек қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы
жекешелендірудің екінші «толқынының» қарқыны жеткіліксіз екеніне тоқталды.

– Осы
науқан бастағалы бәсе­ке­лік ортаға небәрі 2013 нысан берілді. Менің тапсырмам
бойынша Үкімет мемлекетсіздендіру жә­не жекешелендіру амалдарын түбегейлі қайта
қарады, олар бүгін­де Парламентте қаралып жатқан жа­ңа заң жобасында көрініс
тапты. Үкіметке ұлттық холдингтер мен республикалық меншіктегі мей­лінше ірі 65
кәсіпорынды, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорының 182 еншілес кәсіпорнын қамтитын
жекеше­лендіру нысандарының басымдылығы бар тізбесін бекітуді және оны дереу
жүзеге асыруға кірісуді тапсырамын. Бұл ретте нысандарды жекешелендіруге беріп
қана қоймай, олардың сатылым алдындағы дайындығын қамтамасыз ету керек, – деді
Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан
Президенті жария ету, заңдастыру аясындағы көрсеткіштің көлемі жеткіліксіз
екеніне назар аударды. Науқан жарияланғалы бері небәрі 388,5 млрд теңгенің мүлкі жария етілген.


Жекешелендіру мен заңдастыру – бизнесмендердің жаңа легін қалып­тас­тырудың
жолы. Осыған байланыс­ты ауқатты адамдарды осы науқанға қатысуға шақырамын.
Жекешелендіруге Қазақстан компанияларының қатысқаны маңызды. Заңдастыру –
мемлекеттік қызметшілерден басталып, барлық азаматтарға бірдей міндетті болатын
табыстар мен шығыстарды жалпыға бірдей жария ету алдындағы соңғы әрекет.
Бүгінде мүлікті заңдастыру үшін мейлінше қолайлы жағдай жасалған. Енді Үкімет
заң аясындағы барлық актілерді қысқа мерзімде қабылдауы және оларды әкімдермен
бірлесіп тиімді жүзеге асыра бастауы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан
Назарбаев мемлекет-жекеменшік серіктестігінің түрлі формалары экономиканың
барлық саласында қолданылып, инфрақұрылымды, соның ішінде әлеуметтік инфрақұрылымды
дамытудың негізгі тетігіне айналуы тиістігін атап өтті.


Бүгінде мемлекет-жекеменшік се­рік­­тестігін қолдану үшін барлық жағдай
жасалған, тиісті құқықтық-нор­­ма­тивтік актілер қабылданған. Бірақ
әлі күнге ойдағыдай тиімділігі жоқ. Мемлекеттік органдармен және міндетті түрде
әкімдіктермен мемлекет-жекеменшік серіктестігін енгізу мәселелері жөнінде кең
ауқымды әдістемелік жұмыс жүргізу қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет
басшысы бұл орайда халыққа мемлекет-жекеменшік серік­тестігінің негізгі
қағидаттарын түсіндірудің қажеттілігін және соның аясында шетелдік
инвестициялар тарту жұмыстарын күшейту керектігін айтты.

Елбасы
елде жүзеге асырылып жатқан индустриялық-инновациялық және «Нұрлы жол»
бағдарламалары өнеркәсіпті және инфрақұрылымды дамытуға зор ықпал ететінін атап
өтті.


«Нұрлы жол» аясында автокөлік магистральдарының құрылысына ғана 70 мыңдай адам
тартылған. Сондай-ақ бірқатар әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар жүзеге
асырылуда. Бағдарлама аясында бөлінген қаражатты дер кезінде және тиімді игеру
қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан
Назарбаев қазіргі жағ­дайды ескере отырып, индустриялан­ды­рудың екінші бесжыл­дығын
жандандыру қажеттігіне назар аударды.


Инвестициялық белсенділік пен сұраныс төмендеуде, ал бәсеке тек күшейіп келеді.
Сондықтан индустрия­лық-инновациялық бағдарла­ма­ны жандандыру барысында
өнімділік пен тиімділікті арттыруға, өнімділігі аз салаларды қолдаудан бас
тартып, алдымен экспортқа бағытталғанперспективасы барын ғана таңдауға ден қойған жөн, – деді Қазақстан
Президенті.

Мемлекет
басшысы өткен жылдары көптеген индустриялық жобалар іске қосылғанын айтты.


Алайда, солардың көпшілігі қазіргі жағдайда бәсекеге қабілетсіз болып,
мемлекеттік қолдаудың есебінен ғана тұр. Осының бәрі сан қуалаудың салдары.
Өңір басшылары кім көп құрылыс салады деген жарыс ұйымдастырды. Енді бұл
кәсіпорындар жұмыс орындарын қысқартатынын мәлімдеп, Үкіметтен көмек сұрап
жүгіріп жүр. Мұның бәрі өзектілендірілген индустриялық-инновациялық
бағдарламада ескерілуі тиіс. 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап біз бағдарламаның
жаңа форматы бойынша жұмыс істеуге тиіспіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан
Президенті соңғы уа­қыт­тары біздің елмен ынтымақтас­қысы келетін әлемнің
жүзден астам ірі компаниялары басшыларымен кездескенін айтты.

– Әлемде
Қазақстанда бизнес жүргі­зуге деген зор қызығушылық бар. Менің жыл басынан бері
мемлекет басшыларымен өткен кездесулерімнің барысында Ұлыбритания, Франция,
Қытай, Жапония сияқты экономикалық жағынан қуатты елдердің инвесторларымен
жалпы құны шамамен 46 млрд доллар болатын 130 келісімге қол қойылды. Осы
уағдаластықтарды жүзеге асыру бізге әлемдік нарықта сұраныс бар тауарлар
өндіруге, мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан
Үкімет пен әкімдер осы келісімдерді жүзеге асыруға кірісіп, қатаң мониторинг
жасауы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан
Назарбаев инвестиция­лық заңнаманы жетілдіру, инвестиция­лық субсидиялар мен
салық артықшы­лықтарын енгізу, шетелдік жұмыс күшін әкелу үдерісін жеңілдету,
визасыз кіру қарастырылған елдер тізімін ұлғайту сияқты шаралар қағаз жүзінде
қалып қоймауы тиістігін айтты.


Біздің ведомстволарымыздың арасында инвестиция тарту мәселесінде үйлесім
жоқ. Бүгінде инвестор үшін «бір терезе»
болмай тұр. Мен министрлер мен әкімдер инвестор тартуға тікелей жауапты екенін
бірнеше рет айтқан болатынмын. Бұл жұмыс нақты нәтижеге – инвестициялық жобаны
жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Бізге, сірә, салалық министрлер мен әкімдердің
қанша инвес­тиция тартқаны және қанша жұмыс орнын ашқаны жөнінде рейтинг енгізу
керек шығар, – деді Қазақстан
Президенті.

Мемлекет
басшысы сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау және бөлінген қаражатты сапалы игеру
жөніндегі жұмыстарды тиімді жүргізу қажеттігіне де назар аударды.

Елбасы
«Самұрық-Қазына» қоры активтерінің құрылымы оның шағын әрі тиімді басқарылуын
қамтамасыз ететін межеге дейін оңтайландырылуы керектігін айтты.

–Қордың
барлық вертикалі бойынша функциялардың оңтайлануын батыл енгізіп, тиімсіз
шығыстарды қысқарту қажет. Мен сатып алудың халықаралық тәжірибеге негізделген
жаңа моделі мен демеушіліктің жаңарған үлгісін қолдаймын. Қордың өзінің ғана
емес, оның еншілес ұйымдарының да шетелдердегі өкілдіктерінің санын қысқарту
мәселесін қарастыру керек, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан
Назарбаев бұларды ұстап тұру үшін жыл сайын орасан қаражат жұмсалатынын, Қаржы
министрлігі бюджет қаражаты шығыстарын жіті қадағалауы керектігін айтты.

Мемлекет
басшысы қордың қажетті мөлшерде жоғары біліктілігі және жеткілікті тәжірибесі
бар қызметкерлері болуға тиістігіне назар аударды.


Қазіргі сәтте қорда «айналмалы есіктер» қағидаты бойынша мемлекеттік
органдардан «Самұрық-Қазынаға» және кері бағыттағы ротация үрдісі байқа­лып
отыр. Шетелдік тәжірибеде топ-менеджерлер жетістіктері мен бизнес
құрылымдарында жұмыс машығы жеткілікті кәсіпқойлар арасынан ірік­­теледі. Ал
бізде қорда, ұлттық ком­паниялардағы жоғары лауазымдарға өмір бойы мемлекеттік
қызметте жұмыс істеген адамдар қабылданады. Сосын ол адамдар активтерді,
компания­­­ларды мемлекеттік қызметте әкім­дікті, департаментті немесе бөлімді
бас­қарғандай әдістермен басқарады. Қор­дың 6 басқарма мүшесінің 5-і бұрын
бизнесте бір күн де жұмыс істеп көр­меген, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл
ретте Қазақстан Президенті маңызды орындарға халықаралық компанияларда табысты
тәжірибелері бар кәсіпқойларды тартқан жөн екенін айтты.


Кеңесшілер тарту барысында олар­­дың алдына өздерін қазақстан­дықтар арасынан
алмастыратын маман­дар дайындау міндетін қойған жөн. Бұл мемлекеттік
органдардың барлық бірінші басшыларына да қатысты, өйткені алмастыратын адам
іздегенде көбінесе оның төңірегінде дайын кандидатуралар болмай шығады. Жоғары
деңгейдегі кадрлар даярлау үшін мемлекет көп қаражат шығындайды. Меритократия
нормаға айналуға тиіс. Бұл қағидат барлық салада қолданылуы керек, – деді
Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан
Назарбаев Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорын трансформациялау бағдарламасын жүзеге
асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдауды, 2016 жылғы 1 сәуірге дейін басқарудың
жаңа моделі мен құрылымына көшуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстан
Президенті сондай-ақ бүгін «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға өзінің вето
қойғанын, ол жетілдірілу үшін Парламентке қайтарылғанын айтты.


Мемлекеттік қызметшілердің заң­да бекітілген зейнет жасына жеткен кезде
зейнетке шығуына қатысты нақты ұстанымды айқындау қажет. Бұл Президент тағайындайтын,
зейнетке шығу мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін ұзартылуы мүмкін кейбір
лауазымдардан басқа саяси мемлекеттік қызметшілерге де қатысты қолданылуға
тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет
басшысы елде қабыл­дануы тиіс мейлінше нақты шаралар биылғы жыл соңына дейін
Қазақстан халқына арналған Жолдауда жария етілетінін айтты.

Нұрсұлтан
Назарбаев күрделі жағдайда да Үкімет пен өңірлердің әкімдері экономикалық
өсімді ынталандыру, жұмыспен қамту және халықтың кірістерін қолдау үшін
резервтер қарастыруы тиістігін атап өтті.


Үкіметтің дағдарыстық құбылыс­тар­ды еңсеру жөніндегі қалыптасқан амал-әдістері
мен тетіктері бар екенін білемін. Биылғы жылға арналған республикалық бюджетті
нақтылау және үшжылдық бюджет өлшемдерін өзгерту жөніндегі Үкіметтің ұсыныста­рын
мен қолдадым. Біз бүгінде әлеуметтік маңызы бар көптеген тауар түрлері
бағасының өсіп жатқанын көріп отырмыз. Осыған байланысты Үкімет пен әкімдер аса
қажетті тауарлар бағасының мониторингін жүргізу жұмысын жандандыруға тиіс, егер
қажет болса, халықтың әлсіз топтарына атаулы әлеуметтік көмек арқылы қолдау
көрсету керек, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен
қатар Қазақстан Президен­ті бағаны ұстап тұру іскерлік ахуалды нашарлата
отырып, бизнеске қысым жасау тетігіне айналмауға тиістігіне назар аударды.

– Бағаның
дәлелді түрде арттырылу мен пайда табу мақсатында өсірілуін айқын ажырату
қажет. Тауардың шынайы нарықтық бағасы болуға тиіс. Аса қажетті тауарларға
қатысты алыпсатарлыққа жол бермеген жөн. Барлық өңірдегі ахуалды қадағалап
отыру керек. Ең алдымен, бұл үшін жеке жауапкершілік әкімдер мен Үкімет
мүшелерінің мойнында болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет
басшысы барлық бағыт бойынша нәтижелі жұмыс талап етілетінін айтты.


Біздер үшін істеріміздің ар жағында нақты нәтижелер, нақты пайда және қоғамның
игіліктері тұратын жаңа кезең басталды. Үкіметтің әр мүшесі мен әрбір
еңбеккердің қызметі осылай бағаланатын болады. Іс-қимылды, реформалардың және
еліміздің эконо­микасының жаңа формаға көшуінің мез­гілі келді, – деді
Қазақстан Президенті.

Жиын барысында
сондай-ақ Ұлт­тық экономика министрі Е.Досаев, Инвестициялар және даму министрі
Ә.Исекешев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ө.Шөкеев және
Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев баяндама жасады.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз