Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

67

0

Елі сүйген, елін сүйген ЕлбасыКеше Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты мерекелік шара өтті. Мерекеге орай көрме ұйымдастырылып, онда Елбасымыздың елге сіңірген еңбегін айғақтар құнды құжаттар, кітаптар, суреттер қойылды. Ұлт көшбасшысының құрметіне арналған шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, өз құттықтауын жеткізді.
– Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын бекітіп, болашаққа бағыт-бағдар берген, жер-жаһанға  таны¬тып, бүгінгідей беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда – Елбасы, Ұлт Көшбасшысы – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбе¬гі ұшан-теңіз. Сондықтан болар, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуын Елбасының атымен тікелей бай-ланыстырамыз. Ол – заңдылық! Еге¬мендік алғаннан бергі сан түрлі сынағы көп жылдардан сүрінбей өткен сарабдал саясаткер халықты соңынан ертіп үлкен мақсат-мұраттарға  жетеледі. Нәтижесін қазіргі Қазақстанның жеткен жетістігінен-ақ аңғаруға болады. Ен¬деше биылғы Тәуелсіздіктің мерейлі жылында бесінші мәрте тойланғалы отырған Тұңғыш Президент күнінің мән-маңызы ерекше деп ойлаймын, – деген аймақ басшысы Тәуелсіз Қазақстанды тұғырлы ету жолындағы Елбасының ерен еңбектеріне тоқталды. Өткенге шегініс жасаған облыс әкімі осыдан 25 жыл бұрын қазақ халқы тарихи таңдау жасағанын айтты.
– 1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкіл¬халықтық сайлау нәтижесінде ел тарихында алғаш рет халық өз Пре¬зи¬дентін сайлады. Осылайша бұл күн Тәуелсіз Қазақстанның тарихында  таң¬баланып, қатталды. «Елбасы» ұғымын алғаш рет заманымыздың заңғар жазу¬шысы Әбіш Кекілбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тамаша жеңісінен кейін, ел тарихындағы тұңғыш ұлықтау рәсімі кезінде өзінің Президентке арнаған тілек сөзінде қолданған еді. Содан бері «Елбасы» атауы шынайы ұғымға, бүкілхалықтық атауға айналды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының мемле-кеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының негізінде еліміз өзінің Тәуел¬сіздігін жария етті, – деді аймақ басшысы.
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның әрбір жетістігі Елбасы есімімен тығыз байланысты. Бүгінде Қазақстан әлемдік қауымдастыққа экономикасы қарыштап дамыған, бейбіт те берекелі ел ретінде танылды. Осынау биік белестен көріну жолында Сыр елі қосқан үлес орасан. Бұл орайда облыс әкімі Президентіміздің Қызылорда облысына жасаған ерекше қамқорлығын атап көрсетті. «Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге болады» деген сөзі шапағат дарыған киелі Сырдың келбетін айғақтап тұр», – деген аймақ басшысы сөзінің соңында елге, Елбасыға амандық тіледі.
Мерекелік кеште лед-экраннан «Елбасы және Сыр елі» бейнематериалы көпшілік назарына ұсынылды. Алдымен Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Арал теңізін құтқару жолындағы ерен еңбегін назарға ұсынған туынды Елбасының Сыр еліне деген қамқорлығын паш етті. Шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Алдымен сахна төріне шыққан өнерпаз балақайлар «Елбасы – елдің тұтқасы» композициясын қойып, көрермен ықыласына бөленді. Сондай-ақ, кеште халық әндерінен попурри орындалып, облыстық филармония әншілері «Үшқоңыр» әнін, Жалын Жүсіпов Елбасы сөзіне жазылған «Город мой» әнін шырқады. Сонымен қатар, кеште «Томирис» би тобының, көрермен көзайымына айналған Игорь Благодарный, Талғат Мұсабаевтардың өнері тамашаланды. Мерекелік кеш соңында Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалды.
Нағымжан САУЯЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз