ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ЖЫЛ

98

0

Астанада Бейбітшілік және келісім сарайын¬да өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ке¬зек¬ті сессиясында Елбасы биылғы жыл ел тарихында ерекше жыл болып саналатынын атап өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің бұл басқосудан күтері көп. Себебі, бүгінде елі¬міз¬де үлкен бетбұрыс жасалуда. Елбасының бас¬та¬масымен саяси реформа арқылы билік тармақ¬тары арасында өкілеттіктері қайта бөлінді. Конс¬¬ти¬туцияға өзгертулер мен толықтырулар ен¬гі¬¬¬зілді. Енді елімізді жаңа жаңғырулар күтіп тұр. 
Бүгінгі сессияда «Бүгінгі Ассамблея тарихы – тұрақтылықтың, татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің шежіресі. Биылғы Ассамблеяның сессиясы ерекше мезгілде өткелі отыр. Еліміздің үшінші мүшелге аяқ басуымен бірге бұл аса күрделі кезең. Қазіргі әлемдегі ахуал ел тыныштығы тұрақты дамудың ең маңызды шарты екендігіне көзімізді тағы да жеткізіп отыр. Қиын кезеңде бірлігіміздің ұйытқысы, бастауы ретінде құрылған Ассамблеямыз өзіне жүктелген қастерлі мисияны өте жоғары дәрежеде орындап келе жатыр. Бүгінгі Ассамблея тарихы ол тұрақтылықтың, татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің шежіресі болып саналады. Бірліктің киелі бесігі, елді ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірегей тетігі», – деді Ұлт көшбасшысы. 
Елбасының айтуынша, алдымызға қойған ең басты мақсат өркендеп өсіп, 2050 жылға қарай жоғары дамыған 30 елдің қатарына қосылу болып отыр. «Сондықтан біз әлемдік ахуал қандай болса, алға қарай ұмтылуымыз керек. Көріп отыр¬сыздар, қанша дағдарыстан өтіп келеміз. Ешқайсысында сүрінгеніміз жоқ, экономиканы төмен түсірмедік. Биыл еліміз кешенді жаңғыруға кірісті. Ошақтың үш аяғындай болатын экономикалық, саяси және рухани бағыттың қай қайсысы да айрықша маңызды», – деді Елбасы. 
Уәлихан ИБРАЕВ, 
«Қоғамдық келісім» КММ директоры.

ТАТУЛЫҚ ТҰҒЫРЫ
Қазақ «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деген. Бүгінде еліміз ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен тірлігі жарасқан мемлекет болып орнықты. 
Бақыт бағалай білгеннің басына ұялайды. Тыныш¬тық пен өзара түсіністік, сабырлық пен сақтық¬тың арқасында азды-көпті уақыт бедерінде алаңсыз тіршілік етіп келеміз. Енді әрі қарайғы бағыт-бағдар да – осы. 
Елбасының төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХV сессиясында ширек ғасыр ішінде жеткен жетістіктер еске алынып, Ұлы Дала елінің ұлт болып ұйыса түсуіне, бірлігімізді бекемдеуге сеп болар ұсыныстар айтылды. 
Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы өміршеңдігін танытып қана қойған жоқ, қазіргі таңда одан әрі өрлеу үстінде. Ассамблея дегеніміз – ең алдымен, бірлік пен татулық. Ұлттар арасындағы сыйластықтың гүлдене түсуіне осы құрылымның қосып отырған үлесі зор. 
Берекесі мен татулығы жарасқан елдің шаңырағы биік болатыны сөзсіз. Олай болса, ассамблея, ең әуелі, құтты мекеннің бірлігі мен тірлігіне сызат түсірмеуді көздейді. Ал халық бірлігі – мемлекеттілік негізі. Қоғамдық бірлікті ту етіп ұстау арқылы ғана біз алдымызға болашағы күшті, өркендеп, дамыған Қазақстан елі туралы ұлы мақсаттар қоя аламыз.
Гульчин ГЕЙДАРОВА,
облыстық түрік этномәдени
орталығының төрайымы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз