ЕЛ ЖАҢҒЫРУЫ ҰЛТ ЖОСПАРЫНАН БАСТАУ АЛАДЫ

53

0

ЕЛ ЖАҢҒЫРУЫ ҰЛТ ЖОСПАРЫНАН БАСТАУ АЛАДЫӨткен сенбі күні облыс әкімдігінде
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын аймақта жүзеге асыру бойынша кеңейтілген семинар-кеңес
өтті. Жиынды облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ашып, жүргізді.

 

Семинар-кеңестің негізгі мақсаты
– облыс көлемінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізгі міндеттерін
айқындау.

Оған облыс әкімінің орынбасарлары,
кеңесшілері, қала және аудандар әкімдері мен орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясы
облыстық филиалы басшылығы, аумақтық, облыстық басқарма, департамент, инспекция
жетекшілері қатысты.

Жиында «Ұлт жоспарының» 100 қадамы
бойынша тиісті сала басшылары әр қадамды жүзеге асырудың тетіктерін түсіндіріп,
механизмдерін көрсетті.

Ұлт жоспарының қадамдары жайлы
түсінік беруге бірқатар республикалық мекеме өкілдері де шақырылды. Кеңесте Құрылыс,
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің
жерге орналастыру, геодезия және жер қатынастарын дамыту басқармасының басшысы А.Самамбетов,
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы Ә.Серғазина,
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің технологиялық және инновациялық даму департаментінің
директоры А.Батырқожа, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек,
әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Т.Оспанқұлов, «Қоғамдық
келісім» РММ ғылыми қызметінің басшысы, тарих ғылымдарының докторы Н.Шаяхметов,
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Аумақтық саясат және жергілікті өзін өзі басқаруды
дамыту департаменті директорының орынбасары Н.Мақсұтов баяндамалар жасады.

Семинар-кеңесте бейне-конференция
байланыс арқылы ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру
және ақпарат комитетінің БАҚ-тарды бақылау басқрамасының басшысы Б.Рахимов пен ҚР
Инвестиция және даму министрлігінің ХҚКО жұмысын үйлестіру, бақылау және дамыту
басқармасының басшысы А.Көшербаев тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Семинар-кеңес аясында жалпы
саны 30-ға тарта баяндама жасалды.

Семинар соңында аймақ басшысы
Қ.Көшербаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асуын бақылайтын облыс және
қала, аудандарда арнайы жұмысшы тобын құруды тапсырып, барлық тиісті
мемлекеттік мекеме басшыларын, қоғамдық ұйымдар мен облыс жұртшылығын Елбасы
реформаларын іске асыруға бір адамдай жұмылуға шақырды.

5 институционалдық реформадан
туындайтын «Ұлт жоспары» мемлекет және қоғам өміріндегі ең маңызды салаларды
қамтиды. Осы ретте, семинар-кеңеске қатысушылардың баяндамаларында көтерілген
мәсе­лелерді таныстырғанды жөн көрдік.

Бірінші болып баяндама
жасаған Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары М.Оразалыұлы
«Мемлекеттік қызметте болып жатқан жаңғыртулар туралы» тақырыбына тоқталды.

2016 жылдың 1-қаңтарынан
бастап жаңа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң
қолданысқа енгізілді.

Мемлекеттік қызмет туралы
жаңа заң мем­лекеттік қызметтің жаңартылған моделінің негізгі шеңберлерін және
мемлекетті басқарудың барлық жүйесінің тиімділігін күшейту бойынша одан арғы
іс-қимылдардың рет-тәртібін айқындайды.

Әкімшілік мемлекеттік
қызметшінің мансабы оның біліктілігі және жинақтаған тәжірибесі есепке алына
отырып құралады.

Мансаптық сатының әр
баспалдағында ол өзінің кәсіби жарамдылығын дәлелдеп отыруға тиіс болады.

Мемлекеттік қызметке орналасу
тек кешенді іріктеу мен жұмысты тек төменгі лауазымдардан бастаудың нәтижелері
бойынша мүмкін болады.

Жұмыс тәжірибесі мемлекеттік
қызметшінің мансаптық ілгерілеуінің басты шарты болады және мұнда да тек
конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, жекелеген
мемлекеттік қызметшілер ротацияларының мүмкіндігі көлбеуінен және тігінен
оларды қызметтік баспанамен қамтамасыз ете отырып қарастырылған.

Мемлекеттік қызметке ашық
конкурс арқылы және Кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссияның шешімі бойынша
келісімшарттық негізде мемле­кет­тік емес сектордағы басқарушылар қатарынан аза­маттар
және шетелдік менеджерлер тартыла алады.

Мемлекеттік қызметшіге
еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі оның біліктілігі мен атқаратын жұмысының
сипатына, көлемі мен нәтижесіне байланысты заң тұрғысынан бекітіледі. Аса
нәтижелі қызмет үшін бонустар төлеу қарастырылған.

Заң мемлекеттік аппараттың
тиімділігін арттыруға бағытталған және Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің
мансаптық моделіне біржола өтудің құқықтық негізін айқындады. Жаңа модель
меритократия принциптерін негізге ала отырып, мемлекеттік қызметке білікті,
адал және жемқорлықтың көріністеріне төзімсіз азаматтарды іріктеуге мүмкіндік
береді.

Мемлекеттік қызметке алғашқы
рет қабылданушылар өздерінің кәсіби қызметтерін тек төменгі қызметтерден
бастайтын болады.

Бұл үшін олар келесі
кезеңдерден өтеді:

бірінші кезең – мемлекеттік
тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу;

екінші кезең – үміткерлердің
жеке қасиеттері мен негізгі құзыреттерінің (бастамашылдық, жұмыс сапасы мен
нәтижесіне бағдарлану, әдептілік, жемқорлыққа төзбеушілік, стратегиялық ойлау,
көшбасшылық) болуын бағалау бойынша тестілеу;

үшінші кезең – мемлекеттік
органда бейінді білімі бойынша өткізілетін конкурстық әңгімелесу.

Мемлекеттік қызметшілерді
ілгерілету төменгі лауазымдарда жұмыс өтілі болған кезде және ішкі конкурс
өткізу жолымен жүзеге асырылады (әңгімелесу арқылы).

Мемлекеттік қызметке алғашқы
рет қабылданушылар үшін міндетті сынақ мерзімін белгілеп, белгілі бір
дағдыларды білу талаптары мен сынақ тапсырмаларын қамтитын 3 айға жеке
бейімделу жоспары жасалатын болады.

Бұл жерде атап өткен жөн,
мемлекеттік саяси қызметке, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне
кірген мемлекеттік қызметшілер үшін сынақ мерзімі белгіленбейді.

2017 жылдың 1 қаңтарынан
бастап еңбекақы төлеудің факторлық-балдық шкаласына көшу.

Мұндай әдіс озық алдыңғы
қатарлы елдердің көпшілігінде (АҚШ, Ұлыбритания, Жапония) және халықаралық
ұйымдарда (мысалы, Дүниежүзілік банк) енгізілген және тиімділігін көрсеткен.

Бұл жүйе мемлекеттік
қызметшілердің жалақысын сегіз фактор: қызметкерлерді басқару, жауапкершілік,
жұмыстағы дербестілік, жұмыс тәжірибесі, арнайы білім деңгейі, халықпен
байланыстар деңгейі, жұмыстың күрделілігі мен қабылданатын шешімдерінің
нәтижесі негізінде бірыңғай шкала деңгейі бойынша бөлуді көздейді.

Бұл факторлар қажетті
құзыреттіліктердің көле­­мін, орындалатын жұмыстың күрделілігін, жауап­кершілік
деңгейін ескереді, яғни, қызметтің құндылығы (салмағы) мен сыйақы деңгейін
байланыстырады.

Нәтижесінде, бір санатта
тұрған қызметтерге әр­түрлі төлем жасалына алады. Мысалға, бірдей мәр­тебедегі
бөлім басшылары әртүрлі жалақы алады.

Мемлекеттік қызметшілердің
нәтиже­ліліктерін тұрақты бағалап, бонустар тө­леп отыруды енгізу (2017 жылдың
1 қаңтарынан бас­тап).

Барлық мемлекеттік
қызметшілер (саяси, «А» және «Б» корпустарының қызметшілері) бағалауға алынады.

«Б» корпусы қызметшілерінің
жұмыс сапасы олардың жылдық жоспарлары негізінде бағаланады.

«Б» корпусының басшылық
құрамын ротация­лау институты енгізілуде. Жұмыс істеп жүрген жекелеген басшылық
мемлекеттік қызметшілер үшін (мысалы, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық
бөлімшелерінің басшылары) тігінен де, көлденеңінен де ротация (конкурстан тыс
орын ауыстыру) қолданылады.

Қызметшілерді ротациялау
соңғы атқаратын лауазымда болу мерзімі кемінде үш жыл болған жағдайда
жүргізіледі.

Ротацияланатындарға арнайы
құрылған қордан тұрғын үймен қамтамасыз ету ұсынылады, қордың ресурстары
сондай-ақ Ұлттық комиссияның шешімі бойынша 5 жылдың 3 жылын аймақта еңбек етіп
өтеуге міндетті «Болашақ» бағдарламасын бітірушілер үшін де пайдаланылады.

Жоғарыда көрсетілген іріктеу
тетіктерімен қатар шетелдік менеджерлерді тарту да ұсынылады.

Олар Кадрлық саясат жөніндегі
Ұлттық комиссияның шешімімен келісімшарттық негізде жалданып жұмыс істейді және
арнайы тексеруден өтетін болады.

Жаңа Заңға сәйкес, «Б»
корпусының кадрлық резерв институты таратылды.

2015 жылдың 31 желтоқсанына
дейін кадр резервіне алынған тұлғалар резервте болудың біржылдық мерзімі
аяқталғанға дейін «Б» корпусының лауазымдарына конкурстан өтпестен тағайындала
алады.

Бұл ретте мұндай азаматтар
оларды қай мемлекеттік органның ұсынысы бойынша резервке алғанына қарамастан,
тиісті санатқа сәйкес кез келген мемлекеттік органдағы лауазымға орналаса
алады.

Ауысу институтын шектеу.

Ауысулар:

– көмекші, кеңесші, баспасөз
хатшысы лауазымдары;

– «А» (Президент Әкімшілігі)
және «В» (Премьер-Министр Кеңсесі, Парламент палаталарының, Орталық сайлау
комиссиясының, Жоғарғы соттың, Конституциялық Кеңесінің аппараттары Есеп
комитеті, Президенттің Іс Басқармасы)
санат топтарына жататын
мемлекеттік органдар үшін ғана сақталады.

Министрлер мен жауапты
хатшылар арасында өкілеттіктерді айқын шектеу арқылы мемлекеттік аппараттың
автономиялығын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік аппаратты
кәсібилендіру.

Мемлекеттік қызметшілердің
кәсіби шеберлігін дамыту мақсатында кемінде үш жылда бір рет біліктілігін
арттыру заңды түрде бекітілетін болады.

Өз кезегінде, мемлекеттік
қызметшілердің кәсіби дамуын жүйелеу үшін аймақтық оқыту орта­лықтары
Академияның филиалдарына айналады.

Бұл – сыбайлас жемқорлықтың
алдын алуды күшейту. Бұл бағытта Қазақстан Республикасының «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл шараларының жүйесі кеңейтілді.

Атап айтқанда: сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, оған
қарсы мәдениетті қалыптастыру, кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл сияқты қажетті шаралармен қамтылып отыр.

«Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның қағидалары барлық мемлекеттік
қызметшілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы
заңнамалық актілерінде көзделген ерекшеліктері бар құқық қорғау қызметін
өткеріп жүрген мемлекеттiк қызметшiлерге қолданылады.

Осы ретте, мемлекеттік
қызметке кірудің үш кезеңді іріктеу тәртібі 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап
құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда,
құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарға да қолданылатын болады.

Жаңа модельдің аясында
білікті кадрларды іріктеуді қамтамасыз ету, меритократия негізінде оларды ұстап
тұру және жоғарылату, сондай-ақ жаңа заң негізінде және еңбекке ақы төлеудің
жаңа жүйесі енгізілгеннен кейін, яғни 2017 жылы «Б» корпусының әкімшілік
мемлекеттік қызметшілерін жаңа біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша
кешенді аттестаттаудан өткізу жоспарланған.

Аттестаттау кезеңінде
мемлекеттік қызметке орналасуға конкурстар өткізуге мораторий жарияланатын
болады.

***

Семинар-кеңесте облыс әкімі
аппаратының басшысы Қ.Жайсаңбаев «Жаңа этикалық ережелерді енгізу» тақырыбында
баяндама жасады.

Бес институционалдық
реформаларын іске асыру бойынша «100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» іске асыру
мақсатында Елбасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен жаңа Қазақстан Рес­публикасы
мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі» (Мемлекеттік қызметшілердің
қызметтік әдеп қағидалары)
және Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже
бекітілді.

Яғни, егер бұрын қолданыстағы
кодекс «Ар-намыс кодексі» деп аталған болса, енді «Әдеп кодексі» деп аталады.

Кодекс халықтың мемлекеттік
органдарға сені­мін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың
жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз
мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

«Әдеп кодексіне» сәйкес
мемлекеттік қызметшілер:

1) Қазақстан халқының бірлігі
мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа
тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

2) адал, әділ, қарапайым
болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен
және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

3) өздері қабылдайтын
шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;

4) жеке және заңды
тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың
ашықтығын қамтамасыз етуге;

5) мемлекет мүддесіне нұқсан
келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын
немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

6) қызметтік міндеттерін
тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;

7) өзінің іс-әрекетімен және
мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін
қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін
жақсарту үшін пайдалануға;

8) жеке сипаттағы мәселелерді
шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен
өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын
пайдаланбауға;

9) шындыққа сәйкес келмейтін
мәліметтерді таратпауға;

10) мемлекеттік меншіктің
сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті,
автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта
ғана пайдалануға;

11) қызметтік тәртіпті
бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы
атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;

12) мемлекеттік қызмет
көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік
көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына
бағдар ұстануға;

13) тәртіптік, әкімшілік
немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды
жасауға жол бермеуге;

14) іскерлік әдепті және
ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.)

Сонымен бірге, мемлекеттік
қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде
мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен,
ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік
талаптарына сай болуға тиіс.

«Әдеп кодексінде» «Ар-намыс
кодексіне» қарағанда мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы,
қызметтік қатынастардағы, сондай-ақ, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық
ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары кеңінен
айқындалған және талаптар күшейтілген.

Жалпы мемлекеттік
қызметшілердің тәртіп­теріне келетін болсақ, бұрынғы «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабымен сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын
құқықбұзушылықтар тізбесі көзделген болатын.

Аталған бұзушылықтар іс
жүзінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар болмағанымен, бұл бапқа сәйкес
қызметшілерге тәртіптік жаза қолданылса, олар сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық жасаған болып есептелінетін.

Ендігі кезде, бұл
бұзушылықтар жаңадан қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі
туралы» Заңында «Мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар»
ретінде көрініс тапты.

Дегенмен, заң шығарушы
аталған бұзушылықтар бойынша тәртіптік жазалардың түрлерін жеңілдеткен жоқ.

Атап айтқанда, мемлекеттік
қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін мемлекеттік
қызметшіге қолданылатын тәртіптік жазаның ең жеңіл түрі «лауазымынан төмендету»
немесе бос лауазым болмаған жағдайда «атқарып отырған қызметіне толық сәйкес
еместігі туралы ескерту» болып табылады.

Ал «атқарып отырған
қызметінен босату» түріндегі тәртіптік жаза алған қызметші болашақта мемлекеттік
қызметке орналаса алмайды.

Айта кеткен жөн, әдеп
нормаларын бұзған басшылық лауазымдағы қызметшілердің тәртіптік жауаптылықтарын
мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстардағы Әдеп
жөніндегі кеңестері қарайтын болады.

Яғни, бұрынғы Тәртіптік
кеңестердің орнына енді Әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс жасайды.

Сонымен бірге, реформа
аясында енгізілген новеллалардың бірі – Әдеп жөніндегі уәкіл институты.

Әдеп жөніндегі уәкіл –
қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы
мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексін» бұзушылықтардың профилактикасын
қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде
мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік
қызметші.

Әдеп жөніндегі уәкіл орталық
атқарушы органдарда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын
және есеп беретін мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы
мемлекеттік органдарды қоспағанда)
, облыс әкімдерінің аппараттарында
енгізіледі.

Әдеп жөніндегі уәкілдің
функциялары ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге
жүктеледі.

Облыс әкімінің келісімімен
Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары
– құқық қорғау органдарымен жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
бөлімінің басшысы Алпысбаев Ғазымбек Алпысбайұлына жүктелді.

 

***

Семинар-кеңесте бұдан кейін
облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ғ.Алпысбаев «Жемқорлыққа қарсы
күресті күшейту» тақырыбында баяндама жасады.

Ұлт жоспарының 13-ші
қадамында коррупцияға қарсы күрестің жай-жапсары кеңінен айтылған болатын.
Осыған сәйкес жаңа заң қабылданды. Ол үстіміздегі жылдың 1-қаңтарынан күшіне
еніп отыр. Қоғамдағы коррупцияны жойып, заңды және жеке тұлғалардың мүдделерін
қорғауды қамтамасыз ету аталған заңның негізгі мақсаты болып табылады.
Коррупцияға қарсы күресті жетілдіру заңдылығында оның мемлекеттік аппаратты
және басқа салада көрініс алуына жол бермеу қажеттігі кеңінен айтылған.
Коррупцияға қарсы күрес сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциясында
тұжырымдалған. Бұл тұрғыда құқық қорғау органдарында арнайы мемлекеттік органды
құру қажеттілігі көрсетілген. Әлемдік тәжірибені алатын болсақ, мұндай органдар
коррупцияға қарсы күреспен айналысады. Бұл тұрғыда көп мақсатты агенттіктерді
немесе сингапурлық үлгіні айтуға болады.

Сондай-ақ, коррупцияға қарсы
күресте құқық қорғау органдарының бір бөлігі болып табылатын агенттіктер де
бар. Оларды әдетте арнайы прокуратура органы деп атайды. Сонымен бірге арнайы
тергеу органдары жұмыс істейді. Мұндай мысалдарды Румыния, Испания, Хорватия,
Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия және Норвегияның тәжірибесінен келтіруге болады.

Қазақстан Республикасының
заңдылығы бойынша коррупцияға қарсы күрес міндеті заңдылыққа сәйкес уәкілетті
органға жүктелген. Ол өз кезегінде коррупцияға қарсы саясатты жүзеге асыра
отырып, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор нысандарының,
сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалардың коррупцияға қарсы қызметінің жұмысын
үйлестіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің ҚР Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі министрлігінің құрылымында құрылған коррупцияға қарсы Ұлттық бюро
осындай уәкілетті органның қатарына жатады. Егер жұмыс барысына талдау жасайтын
болсақ, бұл орган жоғарыда айтылған шетелдегі көп мақсатты органның қатарына
жатады.

Заңдылыққа сәйкес, бұл орган
өзінің өкілеттігі мен құзырынан бөлек коррупцияға қарсы күрес қызметі
қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдігін қорғауды қамтамасыз етеді. Атап өтетін жағдай,
жаңа заңның бұрынғы қолданыста болып келген заңнан елеулі айырмашылығы бар. Бұл
заңда коррупцияның алдын алуға ерекше мән беріліп, ол оның басым бағыты болып
табылады. Бұл орайда бүкіл қоғам коррупцияға қарсы күреске жұмылдырылып,
біршама жұмыстар жүргізу көзде­ліп отыр. Айталық, жаңа институттар енгізіліп,
коррупцияға қарсы мониторинг жүрізілетін болады. Бірқатар коррупциялық
тәуекелдерге талдау жасалып, коррупцияға қарсы тәрбие жұмыстары жүргізіледі.

Заңның талаптарына сәйкес
коррупцияға қарсы күрес жұмыстарына өзінің құзырлы шегінде барлық мемлекеттік
органдар және лауазым иелері жұмылдырылады.

Заң бойынша «коррупция”,
«коррупцияға қарсы саясат”, «коррупциялық тәуекел” туралы түсініктер мағынасы
ашып көрсетіледі. Сонымен бірге «коррупцияға қарсы шектеу”, «коррупцияға қарсы
мониторинг” туралы түсініктерге қатысты жаңа шаралар енгізіледі.

Заңдылықта сондай-ақ
кәсіпкерлік саласындағы коррупцияға қарсы іс-қимыл шаралары енгізілген.
Мемлекеттік қызметті жүзеге асыратын уәкілетті адамның шығыстарын декларациялау
көзделген. Олар жарияланып отыратын болады.

Сонымен бірге заңдылыққа
сәйкес коррупцияға қарсы заңдылықтыңбұзылуы туралы ақпараттар беру мәселесіне айрықша мән беріліп отыр. Бұл
сайып келгенде, Қазақстанның өркениет көшімен даму барысында жаңа көкжиектегі
жету мүмкіндіктерін аша түсетін болады.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз