ЕЛАМАН ЕРҒАЛИЕВКЕ ЕКІ БӨЛМЕЛІ ПӘТЕР СЫЙҒА БЕРІЛДІ

77

0

 

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Тұңғыш Президентінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен VII «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиевпен кездесті.

«Төл спортымызды түлету біздің облысымыздан бастау алғаны – біз үшін үлкен абырой. 2011 жылы алғашқы «Қазақстан барысы» титулын иеленген Ұлан Рысқұл болса, Руслан Әбдіразақов күміс және қола жүлделерді иеленді. Олардың жеңісті жолын 22 жастағы батырымыз Еламан Ерғалиев жалғастырып отыр. Осы спортшылардың биік белестерді бағындырып, жетістіктерге жетуіне үлес қосқан жаттықтырушысы Садық Мұстафаевтың және Әділбек Серікбаевтың да еңбегі зор деп атап өткім келеді»,- деді облыс әкімі.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Қазақстан барысы» жеңімпазына екі бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады.

 Өз кезегінде Еламан Ерғалиев облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін үшін алғысын білдіріп, болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Оның мақсаты – олимпиада медалін жеңіп алу.

– «Боз кілемдегі белдесуде ойымда тек туған жерім мен жерлестеріме жеңіс сыйлау тұрды», – деді Еламан Ерғалиев.

 Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев жүлдесіне арналған қазақ күресінен VII «Қазақстан барысы» турниріне барлығы 34 спортшы қатысты. Оның ішінде облысымыздан 3 спортшы:  «Алтын белбеу» аймақтық іріктеу жарысында «Сыр барысы» атанған Мақсат Исағабылов пен «Сыр арланы» Нұрым Сәлімгереев және «Әскер барысы» Еламан Ерғалиев сынға түсті. Сәуір айында әскерилер арасында өткен «Әскер барысы» жарысында Еламан Ерғалиев жеңімпаз атанып, «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдама алған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз