Елбасы: Елге келем деген азаматтарға қауымдастық арқылы бар жағдай жасалуы керек

85

0

Елбасы: Елге келем деген азаматтарға қауымдастық арқылы бар жағдай жасалуы керекБүгін Астанада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтіп жатыр. Шараға әлемнің 39 елінен 300-ден астам делегат келді, деп хабарлайды Егемен Қазақстан басылымы.
Тәуелсіздік сарайындағы салтанатты жиында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы құрылтайдың дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесімен қатар келуінің тегін емес екендігін атап өтті. Бұл жолғы құрылтайдың басты ерекшелігі – қатысып жатқан делегаттардың дені Қазақстандағы және басқа елдердегі жастар мен жастар ұйымдарының, студенттер бірлестіктерінің көшбасшылары. – Алты құрлыққа жайылып кеткен алқалы жиынға 350-ден астам қандасымыз келіп отыр. Қайда жүрсе де қазақтың тарихи отаны біреу ғана. Ол – Қазақстан. Бір уыс топрығанына дейін қасиетті біздің ұлы дала – қазақ еліміз. Бүгінгі бас қосуға жас буын қатысып отыр. Себебі жас ұрпақ тарихи негізі қазақ екенін ешқашан ұмытпайды. Сол үшін ата-аналарына көп рахмет айтамыз. Туған елімен байланысын нығайтып, ата салтын сақтап, ана тілін ұмытпауға тырысады. Біз балаларымыздың Қазақстанның бүгінгі келбетін көріп, марқайсын, ой түйсін деп сіздерді ЭКСПО-ға орай шақырдық, – дей келе Президент Қазақстанның бүгінгі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін әлемнің әр түкпірінен жиналған ағайындарға жан-жақты таныстыра келіп, енді осы табыстарды шетелдегі қазақ диаспорасына қолдау көрсету үшін тиімді пайдаланудың нақты жолдары мен тетіктеріне тоқталды. – Бар болғаны 15 жылдың ішінде бой көтеріп, күллі әлемді таңқалдырған Астананы көріп отырсыздар. Алғашқы құрылтайдан бері 25 жыл өтті. Адам көрмеген қиыншылықтан өттік. Қазақтың басынан өтпеген зұлмат жоқ. 25 жылда жалғыз өзіміз қалдық, экономикамыз тұралап қалды. Барлық мекемелер тоқтап қалды. Халық жұмыссыз қалып, не жалақы төлей алмай, зейнетақы төлей алмай, тақырға отырып қалғаннан бастадық. Дегенмен қазақтың таланты дүнижүзіне белгілі. Бірігіп жұмыс істеп, бірлігімізді жазбағанның арқасында осы жылдардың ішінде үлкен табысқа жеттік. 40 пайыз кедейшілікті 3 пайызға дейін төмендедік, ел табысы 20 есеге өсті. Бүгінгі қазақтың жағдайы еш уақытта тарихта болған емес. Сондықтан бұл тарих тұрғысынан қас-қағымдық сәт деп айтуға болады. Еліміздің болашаққа бастар бағыты мен мақсаты айқын. 2050 жылға дейінгі стратегиямыздың мақсаты өркендеген, өскен ең ұлы елдердің арасына қосылу. Елімізді нығайтатын бес институционалдық реформаны іске асыру үшін нақты қадам ұлт жоспарын орындап жатырмыз, – деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Шетелдегі отандастарға көмектесетін арнайы Қор құру да Елбасының назарынан тыс қалмады. «Біріншіден, шетелдегі және елге көшіп келген ағайындарды қолдау үшін «Отандастар» деген қор құрамыз» деп сөзін сабақтаған Президент бұл мәселелерді де жан-жақты қарап, нақты шешім қабылдау жөнінде Үкіметке тапсырма беретінін айтты. Әсіресе, Елбасы атажұртқа көшіп келуге ынталы азаматтарға заңдық-құқықтық жағынан жеңілдіктер жасау қажеттігін ескертті. Үкіметтің, тиісті министрліктер мен облыстық әкімдіктердің міндеттерін белгілеген Мемлекет басшысы қазақ диаспорасына қатысты өзекті мәселелердің жоспарлы шешімін ұсынды. – Біз кезінде Солтүстік Кавказдан келген болгарларға, шешендерге қоғам болып құшағымызды жайдық. Өзіміздің қазақтарымызға неге олай істей алмаймыз? Қаны қазақ бизнесмендерді осы қорға көмектесу үшін шақырамын. Мұны ұйымдастыруды құрылтай басшылығына, президент аппаратына, Үкіметке тапсырамын, – деген мемлекет басышысы отандастарға жан-жақты көмек берудің кешенді бағдарламасын енгізу қажеттігін айтып, бірқтар жоспарлы тапсырмаларды көпшілік назарына ұсынды. «Үшіншіден елім, жерім деп еңіреген әр қазақа Қазақстанның есігі әрқашан айқара ашық. Ешкімге шектеу жоқ. Жағдай бар, елге келем деген азаматтарға қауымдастық арқылы бар жағдай жасалуы қажет. Барлық елде біздің елшіліктеріміз бар. Сол елшіліктер азаматтардың құжатын қамдап, қоныстанатын жер туралы кеңейтілген мәліметтер беруі тиіс. Мұны Сыртқы істер министрлігіне тапсырамын. Келем дегендерге шекарада шырғалаң болып тұрады. Елге келген соң құжат түгендеу үшін ары-бері сабылыс болмауы керек. Мысалы, Қытай қазақтарының сотталмаған, сотталғаны туралы анықтама алуына қатысты мәселелер болады. Оны шекара тұрғысынан анықтап, ақылдасып шешуі тиіс. Үкіметке осының барлығын кешенді түрде қайта қарап, шешімін табуды тапсырамын. Төртіншіден, шетте жүрген ағайынның ұрпағына көмек жасау, жастарға көмек көрсету. Біз шетелдегі қазақ балалардың Қазақстанда білім алуына барша жағдайды жасау керекпіз. Қазір олар мемлекеттік гранттармен жоғарғы оқу орындарында оқи алады. Үкіметке отандастарымыздың білім алуын қолжетімді етіп, оларға қазір бөлінетін квотаны екі есе көбейтуді тапсырамын. Қазір Қазақстанда білім менен ғылымға өте көп көңіл бөліп жатырмыз. Осы жылдардың ішінде тарихымызды болмаған 1500 мектеп салынды. Жоғарғы оқу орындары құрылды, зияткерлік мектептер, талантты балалардың мектептері, дүниежүзінің оқу орындарымен терезесі тең университеттері салынды. Атап айтсақ, Назарбаев университеті, КИМЭП, IT саласындағы ЖОО. Естеріңізде болсын ол университтерге түсу оңай емес. Сондықтан шет елдік қазақ студенттері үшін біліміне қарай арнайы стипендиялық бағдарлама енгізілуі керек. Бесіншіден, сыртта жүрген бауырлардың бір бөлігі жастар ассимилияцияға түсіп, ана тілін ұмытып барады. Біз бұған ара түсуіміз тиіс. Тәуелсіздіктің алдында бізде осы жағдайға жақын болтынбыз. Үкімет шетелдегі ықшам орналасқан қазақтардың ана тілінде білім алуын қарастыруы керек. Қысқа мерзім ішінде қазақ диаспорасын гуманитарлық, зияткерлік бағыттағы әдістемелер мен оқу-құралдарымен қаматамсыз етуді тапсырамын. Алтыншыдан, алтыстағы ағайын елден тұрақты хабар алып,байланыста болғысы келеді. Қазақстанда не болып жатқанын білгісі келіп, істеген істерді көргісі келеді. Үкіметке мемлекеттік телеарналарды көрсету мүмкіндігін қарастыруды жүктеймін. Бұл мерзіміді баспасөзге де қатысты. Жетіншіден, «мен тарихи Отаныма еңбек сіңіремін, дамуына үлес қосамын» деген әр қазақты елге жеке-жеке шақырамын. Ғалым болып жүрген, зертханада жүрген азаматтардың елге келуге ынтасы бар. Оларды шақырып, елімізге еңбек еткізуіміз керек. Үкімет осындай азаматтарды елге тартып, жағдай жасау мен тетіктерін қарастырсын. Сегізіншіден, «Серпін» деген бағдарламаны көбейтуіміз керек. Бұл бағдарламаны көшіп келген ағайындарға да беруіміз керек. Сол жақта бейімдеу орталықтары жұмыс істесе, түсіндіретін болса, мамандық жоғын мамандық беруге баулитын болса, жұмысы жоғын ә дегенде жұмысқа орналастыратын болса, сол кезде тұрақтап қалатын болады. Келген ағайындарды қоныстандыратын әлеуметтік инфрақұрылым аса қажет. Мұны бағдарлама түрінде қолға алуымыз керек. Қажетті мамандық алуына жәрдем беруіміз керек. Жұмыспен қамтуға жол картасын жасауымыз керек. Ұлтымыздың, еліміздің болашағы үшін атқарылатын маңызды шаралар болмақ» деген ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлем қазақтарының тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадамды іске асыруға шақырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз