ЕЛБАСЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ БИЗНЕС ФОРУМЫНА БАРАДЫ

36

0

ЕЛБАСЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ БИЗНЕС ФОРУМЫНА БАРАДЫҚазақстан, Ресей және Беларусь Президенттері еуразиялық бизнес форумға шақырылды. Бұл туралы кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған форумның ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қуаныш Дәуітов мәлім етті.
«Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты шақырдық және Кеден одағы елдері Президенттері Владимир Путин мен Александр Лукашенконы еуразиялық бизнес форум мінберінен сөз сөйлеуге шақырамыз. Бұл Кеден одағы елдері көшбасшыларының мамырдағы кездесу алдында «сағат салыстыру» мүмкіндігін береді», – деді ол.
ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Мемлекет басшысы «Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және оны дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз