ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ РУХЫМЫЗДЫ АСҚАҚТАТТЫ

70

0

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ РУХЫМЫЗДЫ АСҚАҚТАТТЫЕлбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының маңызы зор екені анық. Жаһандану талаптары өзгеріп, әлем елдері саяси-экономикалық даму бағытын жандандырып жатқан тұста жарияланған мақала рухымызды асқақтатты. Өйткені, Мемлекет басшысы аталған еңбегінде ұлттық сана, дәстүр, мәдениетке басымдық берген. Бұл бірлігімізді бекемдеп, ел ертеңін нұрландыра түседі.
Жаңғырудағы басты мақсат ел Тәуелсіздігін мәңгілік ету. Бұл бағытта мемлекет тарапынан нақты қадамдар жасалуда. Түптеп келгенде, екі жаңғыруды табысты еңсерген ел алдағы межелі міндеттерді орындау барысында Мәңгілік ел идеясына сүйенеді. Бұл дегеніміз Елбасы саясатының, реформалардың және мемлекеттік бағдарламалардың бір-бірімен үндесуі, бірін-бірін жалғауы деген сөз. Ал, бұл ретте бірегейлік ұғымы біз үшін ерекше. Өйткені, руханияттың алғы шарты қашанда біртұтастық. Осы ұстанымды ұлт зиялылары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен саясаттанушылар қолдап, қуаттау үстінде. Сондықтан әрбір қазақстандық азамат Ұлт Көшбасшысының мақаласын оқып, ой түйіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосу керек. Ол үшін рухы биік елдің ұрпағы екенімізді ұмытпауымыз керек.

Хайролла ӘБЕНҰЛЫ,
Сырдария аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз