Елбасы сенім грамоталарын қабылдады

68

0

Елбасы сенім грамоталарын қабылдадыКеше Ақордада Елбасы
Н.Назарбаев Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалған
бірқатар шетелдік дипломаттан сенім грамоталарын қабылдады.

ҚР Президентіне Италия­ның
Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян, Швеция Елшісі Кристиан Камилл,
Чех елшісі Элишка Жигова, Литва елшісі Витаутас Наудужас, Мысыр елшісі Хайсам
Салах Камел Ибрагим, Үндістан Елшісі Харш Кумар Джайн, Македония Елшісі Илья
Псаукиров, Қытай Елшісі Чжан Ханьхуэй сенім грамотасын табыс етті.

«Сіздерді дипломатиялық миссияларыңыздың ресми түрде
басталуымен құт­тықтаймын. Бүгінгі кездесу еліміз үшін аса маңызды күн
Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Біз осы қысқа мер­зімде
мемлекетіміздің берік негізін қаладық. Заманауи экономика, орнықты сая­си жүйе,
салиқалы азамат­тық қоғам орнаттық. Біз ішкі тұрақтылықты, қоғамдық келі­сімді қарқынды эконо­ми­ка­лық өсім арқылы қам­тамасыз
еттік», – деді Мемлекет басшысы шетел дипло­маттарының сенім грамо­таларын
қабыл­дағаннан кейін. Сонымен қатар ҚР Президенті Сыртқы саяси ұстаным
айқындығы мен еліміздің халықаралық беделінің көтерілгенін баса айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз