ЕЛДІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ – ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕДЕ ТОП ЖАРУ

48

0

Елбасы биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты дәстүрлі жолдауында цифрлық технологиялардың енгізілуімен экономикадағы кейбір салалардың жойылып, жаңа бетбұрыстарға бастайтынын айтты. Тарихи сын-қатерлерге табанды түрде төтеп беруде халқымыз жаңа белестерді бағындырары сөзсіз және сол қиыншылықтарды еңсеру үшін «Қазақстанды Үшінші жаңғырту» бойынша атқарылуға тиіс міндеттер экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыруға айқын жол ашады.
Еліміздің үшінші жаңғыруы – жаңа цифрлық технологияны қолдана отырып экономиканы дамыту, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейтумен сипатталады. Ммакроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты басым бағыттарын айқындап отыр. Бұл бағыттар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеп, заңнаманы жаңа заманға бейімдеуді көздейді. «ЭКСПО-2017» нысандарының базасында ІТ-стартаптар халықаралық технопаркін құрып, жаңа инвестициялар тартуға платформа дайындаудың маңызы зор. Өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көліктік логистика, құрылыс сияқты дәстүрлі салаларды дамытуға жаңа серпін беру экономиканықарыштата түседі. Экспорттық өндірісті дамытып, экспорттық саясат жөніндегі кеңес құрып, «бір терезе» қағидаты бойынша өңірлік қолдау мақсатында бір ведомствоға шоғырландыру арқылы біріңғай экспорт стратегиясын әзірлеу міндеттері тұр. Әсіресе аграрлық сектордың экспорттық әлеуетін дамыту арқылы сапалы өнім шығаруды қолға ала отырып, Евразия кеңістігінде астық өнімдері бойынша «нан кәрзеңкесі» болып, бәсекеге қабілеттігімізді арттыра түсу қажет.
Жолдауда ерекше аталып өткен тағы бір сала – тұрғын үй мәселесі. Бұл орайда биылдан жүзеге асырыла бастайтын «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы алдағы жылдарда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ететін болады. «Даму» акционерлік қоғамы арқылы тұрғын үй құрылысына жеңілдетілген несиелерді, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы берілетін ипотекалық несиелерді арзандатуға мемлекеттік субсидиялар бөлумен қатар, халықтың әлсіз әлеуметтік топтары үшін сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй бөлу ісін дамыту көзделіп отыр. Сонымен қатар құрылысқа, құрылыс материалдарын өндіру саласына жаңа цифрлық технологияларды енгізе отырып, қалалардың сырқы келбеті айқындалып, енгізілген жаңа технологияларды игеру үшін, дәстүрлі салалардан босаған еңбек ресурстары қайта даярлаудан өткізіліп, жұмыспен қамтылатын болады.  Бұл бағытта жұмыспен қамту орталықтарын реформалап, барлық бос жұмыс орындары мен бүкіл елді мекендерде бірыңғай онлайн платформа қалыптастыру міндеттері жүктелді.
Жаңа экономикалық жаңғыру барысында мемлекеттің экономиканың қандай маңызды салалаларында қатысу үлесінің қаншалықты мөлшерде болуы нақты айқындалып, ішкі жалпы өнімнің 15 пайызына дейін төмендетіліп, 2020 жылға дейін 800-ге жуық кәсіпорындарды жекешелендіруге жіберілмек. Халықтық ІРО-ға дайындап, бәсекелестік ортаға жіберу арқылы бизнесті одан әрі дамытуға, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін жетілдіре түсуге жағдай жасау көзделіп отыр. Әсіресе отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға кешенді шаралар ұсынылмақ. Бұл ретте энергетика, көлік және логистика, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы қызмет көрсету құнына қатысты бизнес жүргізудің барлық шығындары азайтылып, мемлекеттік қызмет көрсету үдерістері оңтайландырылып, құжаттарды рәсімдеу толық электрондық форматқа көшірілмек.
Бизнесті қатыстыру бойынша мемлекет-жекеменшік серіктестігінің аясын кеңейту арқылы кәсіпкерлікті дамыту қарқыны үдеп келеді, Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру ісінде. Қызылорда облысында 181 жеке балабақша ашылған. Біздің өңірдің алдыңғы қатарлы облыстар ретінде атап өтілуі зор мақтаныш. Бұл Жолдауда басым бағыттардың бірі ретінде мемлекет-жекеменшік серіктестіктің аясын кеңейту бағытындағы басқа да міндеттерді орындауда облысымызда алғышарттар жасалғанын білдіреді.
 Салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу міндеті де шешілуге тиіс бағыттар ретінде, әсіресе бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыру қажеттілігі жолдауда ерекше аталып өтті. Даму бағдарламаларына бөлінген қаражаттардың тиімділігін тексеріп, Үшінші жаңғырту міндеттерін іске асыруға бағытталған бағдарламаларға қайта бөлу жолдарын қарастыру жүктелді. Бұл орайда фискалды орталықсыздандыру саясатын жалғастырып, орталықтан жергілікті жерлерге функциялар мен өкілеттіктерді көптеп беру, аудандық, ауылдық жерлердің өкілеттіктерін арттыра отырып, өңірлік және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешеуде жергілікті өкілетті органдардың ролін арттырып, қаржылық дербестігін бекемдей түсу қажеттігі баса айтылды. Бұл басымдықтар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі» 2017 жылғы 25-қаңтардағы Үндеуіндегі билік тармақтарының өкілеттіктерін, оның ішінде жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге өкілеттіктердің берілуімен сәйкес келетінін атап өтуге болады.
Мемлекет құру жолында теңдессіз мол тәжірибеміз жеткілікті, Жолдау бойынша атқарылатын міндеттер қойылды, мақсат айқын. Елдің бірлігін сақтап, біртұтас халық болып жұмылып, қиындықтардың барлығын еңсеретінімізге сенімім мол.

Қанат МЫРЗА,
облыс бойынша Қазынашылық
департаменті басшысының орынбасары.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз