ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

54

0

ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЛТЫН АРҚАУЫКеше Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрда
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Жиын басталар алдында сахна төріне Мемлекеттік Ту әкелініп, еліміздің Әнұраны
шырқалды.

Салтанатта облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мерекелік
шараға қатысушыларды Конституция күнімен құттықтады. Аймақ басшысы өз сөзінде
халқымыз сан ғасырлар армандаған Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін,
еліміздің демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция
қабылданғанын жеткізді.

Осыдан тура жиырма жыл бұрын, 30 тамыз күні Қазақстан
халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің жасампаз жаңа дәуірге қадам басқаны
белгілі. Қырымбек Елеуұлы Ата Заңымыз әлемдегі ең жас Конституциялардың бірінен
саналатындығын айта келіп, зерттеушілердің Қазақстан Конституциясын
жалпыадамзаттық құн­дылықтарды дәріптейтін дүние жүзіндегі ең үздік 50 Консти­туцияның
бірі деп бағалаған пікірлеріне тоқталды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі стратегиясын орындау мақсатында
елімізде Үдемелі индустриялық-ин­­но­­вациялық даму стратегиясы жү­зеге асырылуда.
Оның айқын көріні­сін облыстан да көруге болады де­ген аймақ басшысы өңірде
металлур­гия кластерін құру мақсатында қол­ға алынып жатқан жобаларды атап
өтті.

Шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев еліміздің
әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосып жүрген Сыр бойы халқын
Конституция мерекесімен тағы да құттықтап, Елбасы Жарлығымен Конституцияның 20
жылдығы мере­келік медалімен марапатталған бір топ қызылордалықтарға
наградаларын тапсырды.

Салтанатты жиын соңы мере­ке­лік концертке ұласты. Шараға
қатысушылар Тұрмағанбет атындағы фольклорлық оркестр, «Томирис” би ансамблі,
басқа да өнерпаздарға қошемет көрсетті.

Бақтыбай
БЕРДІБАЕВ,

Бағдат ЕСЖАНОВ(сурет).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз