ЕЛДІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ БИІКТЕ ТҰРАДЫ

189

0

ЕЛДІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ БИІКТЕ ТҰРАДЫБиыл елдігіміздің белгісі, Тәуелсіздігіміздің тұғырына айналған мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына 25 жыл толып отыр. Азаттықтың ақ таңы үшін арпалысқан ата-бабаларымыз бен бүгінгі ұрпақтың арман-аңсары көрініс тапқан Мемлекеттік ту, Елтаңба мен Гимннің ширек ғасырлық белесі Алаш баласы үшін мәні бөлек, мағынасы ерекше  мереке.
Алдағыны қапысыз болжайтын көреген көсем, халқын соқпақты жолдан адастырмай алып өткен қажырлы қайраткер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мемлекеттік рәміздер – бұл  біздің мемлекеттігіміздің, егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді» – деп баға берген  елдігіміздің үштағаны шын мінінде ұлттық құндылығымызға айналды.
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер: рәміздер – Көк байрақ, Елтаңба және Әнұран.
Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді қастерлеуі – парыз.
Еркіндіктің елең-алаңында қабылданған мемлекеттік рәміздердің мәнін біз ерте ұғына бастадық. Мелекеттік тудағы қыран мен Елтаңбадағы қанатты пырақтарға талай мәрте қызыға қарағанымыз есте. Салтанатты жиындарда ғана орындалатын Мемлекеттік гимннің құдіретін сезіне түстік. «Менің елім…» деп  шырқаған сәтте үлкендердің жанарына жас үйірілетінін көріп, таңғалатын едік. Бұл туған жерінің  әр сүйемін қасықтай қаны қалғанша қорғаған, азат Қазақстанның әнұраны асқақтап, туының көкке көтерілуін көксеген, осы жолда жан қиған бабалар ерлігіне   деген құрмет.
Гимннің алғашқы әуендері ойнала бастағанда-ақ кіндік қаның тамған киелі жерің, оның өткені мен бүгіні көз алдыңа келеді. Талай тағдырлы сыннан аман  өткен елдің жүрек сөзіне айналған Әнұран жігеріңді жани түседі. Бұл бұзылмайтын берекенің арқасында бүгінге жетіп, байтақ  Отаннан бақыт тапқан жұрттың жан тебірінесі.
Жоғарыда аталған Заң талаптарын жүзеге асыру мақсатында облыста біршама жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, өткен жылы облыс орталығында  Мемлекеттік рәміздер алаңы  салынды. Алаңда тұрақты түрде іс-шаралар өткізіліп тұрады. Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілердің  ант қабылдау рәсімі өткізіледі.
 Мемлекеттік рәміздердің насихаттау және қолданылуын түсіндіру мақсатында  облыстық ішкі саясат басқармасы, Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бірлесіп ұдайы «дөңгелек үстел», семинарлар өткізіп тұрады.
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында және Мемлекеттік рәміздерді қолдану, қадағалау және ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізудің 2017 жылға арналған жұмыс кестесіне сәйкес құрылған инспекциялық топ (облыстық ішкі саясат басқармасы, техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, қоғамдық ұйымдар және т.б  мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған) Қызылорда қаласы орталығында және аудандарда орналасқан мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай қолдануына  зерделеу жұмыстарын  жүргізуде. Зерделеу жұмыстарының қорытындысымен тиісті шаралар қабылданады. Бұл бағытта жұмыстар өз деңгейінде жалғасын табуда.
                                 Әуелбек ҚАМЗАЕВ,
Техникалық реттеу және метрология   
             комитетінің Қызылорда облысы  
бойынша департаментінің бөлім  
 басшысы. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз