ЭЛИЗЕБЕТ ҮЗДІК АТАНДЫ

56

0

ЭЛИЗЕБЕТ ҮЗДІК АТАНДЫҮстіміздегі жылдың 3-6 қаңтар аралығында Словакияның Братислава қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан  «Словакияның Жаңа жылдық Кубогы» атты халықаралық турнирде Сыр өңірінің спортшысы Элизабет Тұрсынбаева чемпиондық атаққа қол жеткізді. 

Байрақты бәсекеде 15 елдің мәнерлеп сырғанаушылары қатысты. Осыған дейін Элизабет жасөспірімдер арасында сынға түсіп келген еді. Жерлесіміз бұл жолы алғаш рет жастар арасында додаға  түсті. Соған қарамастан Элизабет әдемі ойын-өрнегін көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Аталмыш жарыста біздің елімізден бір ғана спортшы сайысқа түскенін ескерсек, осының өзі біз үшін жоғары табыс саналады. 
Енді Элизабет наурыз айында Болгарияда болатын жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына және Әлемдік Гран-при додасына қатысуды жоспарлап отыр.
Әділ ТАЛАП. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз