Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл толды

279

0

Бүгін Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл толды, деп хабарлайды Baq.kz.
1992 жылдың 13 шілдесі күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органының тарихы осы күннен бастау алады.
ҰҚК 25 жыл ішінде қалыптасып қана қоймай, реформалардың нәтижесінде тұрақты дамып отырды. Комитет құрылымындағы барлық өзгеріс әлемдегі және елдегі ахуалмен тығыз байланысты болды.
Реформалар Комитетке жүктелген міндеттерді тиімді шешуді, егемен Қазақстанның мүддесін қорғауды көздеді. Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті – кез келген қатер мен сынаққа шұғыл жауап бере алатын икемді, әрі жоғары білікті арнайы қызмет. Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзінің қарсы барлау тұжырымдамасын жасаудың арқасында шетелдік арнайы қызмет өкілдерінің әрекеттерін әшкерелеп, олардың белсенділігін бәсеңдетіп отыр.
Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толу құрметіне ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» мерекелік медалі және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті» мерекелік белгісін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз