ЕЛІНІҢ МАҚТАН БОЛҒАН ЕЛМҰРАСЫ

49

0

ЕЛІНІҢ МАҚТАН БОЛҒАН ЕЛМҰРАСЫСыр өңірінде туып, алты Алашқа әуезі тараған, тума дарын, туы биік жырау Елмұра Жаңабергенованың есімі халық мұрасымен мұраттас. Себебі ол қайталанбас туындыларды дүниеге келтірген өнер иелері – жыраулар жақұтын кеудесіне моншақтай тізіп таққан талант, дүрлер мен сүлейлердің алтын сынығы.
Жерлестерімізге еліне мақтан болған ерен дарынның даусын бетпе-бет отырып еститін тағы бір мүмкіндік туып отыр.
Қарашаның 30-ы күні ҚР Президент оркестрінің әншісі, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, Сыр сандуғашы Елмұра Жаңабергенова туған жер төрінде жеке концертін береді. Концерт облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телехабарлар тарату орталығында, осы күнгі сағат 15.00-де және 18.00-де өткізіледі.
Қасиетті домбыраның үні мен дара дауыстың құдіретіне қанығайық, ағайын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз