ЕЛШІ АЙМАҚ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

77

0

ЕЛШІ АЙМАҚ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫКеше Сыр өңіріне Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата бастаған делегация жұмыс сапарымен келді.
Алаштың анасы атанған қасиетті өңірге осымен екінші рет келіп отырған елші алдымен аймақтағы бірқатар өндірістік нысандарды аралап, Қызылорда қаласының сол жағалау құрылысы жобасымен танысты. Мұнан соң облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қабылдауында болды.
Жүздесуде аймақ басшысы Итиро Кавабатаға әріптестік байланысы үшін ризашылығын білдірді.
– Елімізде жуырда басталатын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Қызылорда облысы да белсенді атсалыспақ. Аймақтағы «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен «Қорқыт ата» мемориалдық кешені туристік нысандар тізіміне енгізілген. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізді және жапон халқының өкілдерін көрме барысында Сыр еліне келіп-қайтуға шақырамын, – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, аймақ басшысы облыста инвесторлар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалғандығын жеткізді.
Айта кетейік, 20 сәуір күні Итиро Кавабата бастаған жапон делегациясы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «СОЮЗ-МС» ғарыш кемесінің ұшырылу сәтін тамашалап, «Қорқыт ата» мемориалдық кешені жұмысымен танысады.  

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ,
Нұрболат НҰРЖАУБАЙ (сурет).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз