ЕЛШІЛІК ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

107

0

Кеше «Алекс» би өнері мектебінде Корей Республикасының Қазақстандағы Елшілігінен келген өкілдері жергілікті корей ұлтының тұрғындарымен кездесті. «Бірінші Кореялық Мәдени Бизнес Керуені» аясында өңірімізге ат басын бұрған қонақтар түрлі іс шаралар мен кездесуге қатысып, қаланың тыныс тіршілігімен танысуды жөн санапты.  
Шараны ашқан елшілік өкілі Қызылорда қаласы корей халқының көп шоғырланған мекені екеніне тоқталып, сондықтан алғашқы сапарын Сыр елінен бастағанын, алдағы уақытта бұл кездесу жер жерде жалғасатындығын жеткізді.
Жиын барысында Алматы қаласында орналасқан «Сонаму» деп аталатын шығыс медициналық орталығының бас дәрігері Ким Кен Ван жиналғандарға өзінің медицина саласында біршама жұмыс жасап жатқандығын айтты. «Бізде шығыс медицинасы дамыған. Онда емделудің тиімді жолын ұсынады және сапалы қызмет көрсетеді. Ендігі мақсатымыз осы саланы Қазақстанда да өркендетуді қолға алуды жөн санап отырмыз», – деді орталық маманы.
Сондай-ақ, жиналғандар бас дәрігерге қаралып, ем алудың тиімді жолдарын сұрады. Ал, орталық мамандары табиғи шөптерден жасалған шайды көпшілікке ұсынып, арнайы түсіндірме нұсқаулықтарын таратты.
Соңғы үлгідегі медициналық аппараттарға түсіп, өз денсаулықтарының дұрыстығына көз жеткізіп, маман кеңесіне құлақ түрді. Барлық қатысушыға тегін медициналық көмек көрсетілді.
Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз