ЕРЛІК ЖАС ТАЛҒАМАЙДЫ

54

0

2014 жылы ҚР Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Ұлттық гвардия¬сы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген жерлестеріміз Жандос Баянбаев – ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ал Нұрасыл Мүбәраков «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 
…Оқыс оқиға «Жаңа Семей» станциясында болған еді. «Семей-Алматы» пойызы осында тоқтап тұрған. Оның бір вагоны бас бостандығынан айырылғандарға толы. Басым бөлігі – ауыр қылмысы бойынша жазасын өтеушілер. Бір кезде біреуі «әжетханаға барып келейін» деп сұранды. Қатардағы Н.Мүбәраков пен кіші сержант Ж.Баянбаев оны айтқан жеріне апара жатқан. Жақындай берген тұста әлгінің талмасы ұстап, құлады. Ойында ештеңе жоқ, қарауыл көмек қолын соза бергені сол еді, қылмыскер сарбаздың беліндегі табельдік қаруды алып үлгерді. Ол өтірік құлап бара жатқандай кейіп танытып, қатардағы сарбазға екі рет оқ атты. Қарауыл бастығының көмекшісі, кіші сержант жараланған әріптесін денесімен жауып, қарулы қылмыскерге қарай ұмтылды. Әлгі тағы да ештеңеден тайсалған жоқ. Ауыр жараланғанына қарамастан, Жандос қосымша қарауыл тобы келгенге дейін оны бөгей тұру үшін күш жинап алды. Қос әскеридің денсаулығына зиян келтірген қылмыскер бұл әрекеті үшін өз өмірімен жауап берді. Ал ержүрек жігіттер дереу ауруханаға жеткізілді. 
Ж.Баянбаевтың жағдайы ауыр еді, өйткені ішкі органдары зақымдалған. Н.Мүбәраков болса, екі жерден жараланған. Оқ денесіне тиген. Дәрігерлер сарбазға ота жасап, ұзақ уақыт бойы оңалту шараларын жүргізді. «Мен жауынгерлік міндетімді атқардым. Менің орнымда басқа біреу болса да, дәл осылай істер еді. Әскери ант пен жауапкершілік әскери маман үшін өте маңызды. Мен бұл әрекетімді ерлікке теңемеймін, қызметіме деген адалдық пен азаматтық парызым деп білемін», – дейді Ж.Баянбаев. 
Қос сарбаздың ерлігі облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тарапынан елеусіз қалған жоқ. Ж.Баян¬баев ол кезде ем-дом қабылдап жат¬қандықтан аймақ бас¬шы-сымен кездесу¬ге қатыса алмады. Н.Мүбәраков облыс әкімінің Құр¬мет грамотасы мен 1 миллион теңге кө¬леміндегі қаржылай сыйлығына ие болды. Облыс әкімі бейбіт күннің батырларына: «Бұл – нағыз ұмытылмас ерлік. Осындай ержүрек азаматтарымыздың батырлығы мен патриоттығы жастарымызға әрдайым үлгі-өнеге болатыны анық. Отан үшін жастар отқа түсуге дайын екендіктерін көрсетуі еліміздің «Мәңгі ел» екендігін айқындайды», – деп баға берді. Иә, өмірлеріне қауіп төндірген оқиға кезінде де батылдық танытқан жігіттер мақтан тұтуға тұрарлық. 

Н.ИБРАШТЕГІ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз