ЕСКЕРТКІШ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

81

0

ЕСКЕРТКІШ ҚАЙТА  ЖАҢҒЫРТЫЛУДАСонау зобалаң жылдары репрессияға ұшыраған қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш қаламыздағы «Арай» шағын ауданында орналасқан. 1997 жылы белгілі журналист- қаламгер, «Боздақтар» кітабының құрастырушысы Мырқы Исаевтың бастамасымен бой көтерген мемориал бүгінде отаршылдық тәртіптің құрбандарын еске алуға арналған қасиетті орынға айналды. Осыдан 20 жыл бұрын сәулетші М.Сапарғалиев қалаған бұл ескерткіш бүгінде әбден тозығы жетті. Аталған нысанға биыл облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, ескерткіштің қайта жаңғырту жұмыстарына өңір қазынасынан 142 млн 470 мың теңге бөлінген болатын. Оған «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС 6-наурыздан бастап құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Серіктестік қызметкерлерінің қарқынды жұмыс жасап жатқанын құрылыс алаңындағы ілкімді істерден айқын аңғаруға болады. Бүгінде мемориалды мрамормен қаптап, гранит тастар төсеу жұмыстары аяқталуға жақын. «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС-ның құрылыс жұмыстарын жобалаушысы Райбек Нұрмаханның айтуынша, серіктестік ескерткіш ауласындағы жұмыстарды алдағы 5 күннің ішінде  аяқтайды. Мұнан кейін шағын аллеяның көркейту- көгалдандыру жұмыстарын қолға алуды көздеп отыр.    
Наурыз мерекесі қарсаңында мұндағы құрылыс жұмыстарымен танысқан облыс әкімі Қ.Көшербаев атқарылып жатқан істерге оң бағасын беріп, нысанды сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырған болатын. Барлық жауапкершілікті өз мойнына алған «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС  бүгінде құрылыс жұмыстарының біршамасын тәмамдады. Алдағы уақытта нысанды 31 мамырға дейін толықтай жаңартып, ел игілігіне беруді көздеп отыр. 
– Құрылыс материалдарының көбісі жергілікті тауарлар. Тек гранит тас пен мрамор қаптамалар ғана Оңтүстік Қазақстан облысынан жеткізілуде. Бүгінде мұнда 50-ге жуық жұмысшы еңбек етуде. Құрышқолды құры¬лыс¬шыларымыздың арқасында ны¬санның қайта жаңғырту жұмыс¬тарын ойдағыдай аяқтаймыз деп ойлаймын. Нәтиже де жаман емес. Бұйыртса, 4-5 күнде ескерткіш ауласындағы жұмыстарды толық¬тай аяқтап, көркейту-көгал¬дандыру жұмыстарына кірісеміз, – деді Райбек Нұрмахан.
Жобаға сай алдағы уақытта ескерткіш толықтай жаңғыртылып, ауласына арнайы аллея салынады. Бойында 20 дана жарық шам орнатылған жол асфальтталып, аула маңындағы 1400 шаршы метрге газон төселеді. Сонымен қатар, 4,5 мың шаршы метр жер көркейтіп-көгалдандырылады.
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз