ЕСТІГЕННЕН КӨРГЕН АРТЫҚ

68

0

Көрменің ішіндегі ең көріктісі де еңселісі де еліміздің павильоны екен. Себебі, сфера пішіндес павильон 8 қабаттан тұрады. Диаметрі – 80, биіктігі – 100 метрге жуық. Ең жоғарғы сегізінші қабатта Астана болашақтың қаласы ретінде көрсетілген. Ал, жетінші қабатта – ғарыш энергиясы, алтыда – күн энергиясы, бесте – жел энергиясы, төртте – Жер шарының биомассасы, үшінші қабатта – киберэнергетика болса, екінші қабатта су энергиясының мүмкіндіктері көрсетілген. Яғни, энергияның барлық түрі қамтылған. Ең бірінші қабатында Қазақстанның ұлттық құндылықтарын насихаттайтын көрме орын тепкен.
Сондай-ақ, әр қабаттағы көрмелердің тақырыбы жан-жақты. Сегізін¬ші қабатқа шығып, еденмен жүргеннің өзі құдды бір ұшып жүргендей әсерде боласың. Алтыншы қабаттағы күн энергиясын көрсету үшін ұйымдастырушылар көктегі күннің жартысын әкелгендей, қып-қызыл экспонат орнатқан. Осыншама мол әсер беретін көрменің құдіреттілігіне таң-тамаша болдым. Сондықтан, «ЕХРО жайында көп естігеннен, бір көрген артық» боларына байлам жасадым.
Жалғасбек МЫРЗАТАЙҰЛЫ, 
зейнеткер.
Қызылорда қаласы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз