EXPO-2017: Қандай мәдени шаралар өтеді?

155

0

EXPO-2017: Қандай мәдени шаралар өтеді?Астана-2017 кешеннің батыс бөлігінде орналасқан Амфитеатр – көрменің басты ойын-сауық алаңы. Алаңның негізгі міндеті – концерттік және көңіл көтеретін шараларды (театрландырылған көріністер, шоу, танымал әртістердің өнер көрсетуі), сондай-ақ ерекше мәні бар күндерді атауға арналған арнайы шараларды өткізу. Оның жабық сахнасы мен аудитория орналасатын ашық территориясы бар. Алаңда өтетін шараны 6 000 адам тік тұрып тамашалай алады.
Қазақстанның өнер қайраткерлері, әншілер мен дәстүрлі музыка шеберлері  және әлемдік аренадағы мәдениет жұлдыздары көрме қонақтарының көңілін көтереді. Мәдени шараларға билет бағасы 1000-28000 теңге аралығында болады. Ескере кететін бір жайт, кейбір шараға билет алғанмен, қосымша ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағына сол күнге кіру билетін алу міндетті.
Көрме аумағында 10 маусымнан 10 қыркүйеккке дейін 4 қуаттың қазіргі заманмен: Адамзаты күн, жер, су және жел беретін қуатты табиғи энергия көздерін қолданудан үлкен пайда алуды үйренген әлем; Қазақстанның олардың алуан түрлілігіне ие болуы, Орталық Азия халықтарының жанасуы және Көрме барысында жүзден аса елдің жанасуын білдіретін «Кешкі салтанатты сап» өтеді.
BNews.kz агенттігі бірнеше шараны іріктеп алды.
ДЮ СОЛЕЙ ЦИРКІ
Өтетін уақыты: 16.06-09.09
Өтетін орны: Дю Солей циркінің павильоны
ҚАЗАҚСТАН КАМЕРАТАСЫ
Өтетін уақыты: 18.06-21.06
Өтетін орны: Энергия холлы
МИША МАЙСКИЙ ЖӘНЕ ЛИЛИ МАЙСКИ
Өтетін уақыты: 24.06
Өтетін орны: Энергия холлы
БИ-2, МУМИЙ ТРОЛЛЬ
Өтетін уақыты: 01.07
Өтетін орны: Сарыарқа велотрегі
ENRICO DINGO ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ
Өтетін уақыты: 01.07
Өтетін орны: Энергия холлы
 
ANDREA LUCCHESINI ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ
Өтетін уақыты: 01.07
Өтетін орны: Энергия холлы
THIRTY SECONDS TO MARS
Өтетін уақыты: 02.07
Өтетін орны: Астана Арена
BLACK STAR PARTY (MOT, KRISTINA SI,LꞌONE, TIMATI) 
Өтетін уақыты: 08.07
Өтетін орны: Сарыарқа велотрегі
DAVID FRAY
Өтетін уақыты: 08.07
Өтетін орны: Энергия холлы
ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ КОНЦЕРТІ
Өтетін уақыты: 11.07-13.07
Өтетін орны: Энергия холлы
MTV
Қазақстандағы MTV жобасы – Жер шарының 350 миллион тұрғыны көрермені болып табылатын, әлемге әйгілі брэндтің тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға! Әрқашан толы стадиондар мен миллиондаған телевизиялық аудиторияны жинайтын ең танымал музыкалық жобаның бір бөлігі болу әрбір актер мен әрбір көрермен үшін  үлкен құрмет және шынайы мереке!
Өтетін уақыты: 13.07
Өтетін орны: Амфитеатр
ПОЛИНА ГАГАРИНА ЖӘНЕ ЕГОР КРИД
Өтетін уақыты: 05.08
Өтетін орны: Сарыарқа велотрегі
 
СФЕРАДАҒЫ КЕШКІ ШОУ
Көрермендер үшін керемет сыйлық , Сфера үстіндегі шоу – лазерлерді, проекцияларды, шамдарды және музыканы қамтитын 10 минуттық таңғалдырарлық сәулелер және су шоуы.
Өтетін уақыты: 10.06.-10.09
Өтетін орны: Көрме аумағы
АРТ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ ШАРАЛАР
10 маусымнан бастап Көрме қонақтарына отбасы және балаларға арналған іс-шараларды, ересектерге арналған кәсіби және білім беру бағдарламаларын, инклюзивті сабақтар мен экскурсияларды қамтитын өнер және білм беру бағдарламалары ұсынылатын болады. Іс-шаралар Арт орталығының аумағында өтеді. Көрмені ұйымдастыру үшін «Grand Palais» Францияның Ұлттық Мұражайлар Бірлестігі (Париж) мен «Garage» қазіргі заманғы өнер мұражайы шақырылды (Мәскеу).
Өтетін уақыты: 10.06.-10.09
Өтетін орны: Арт орталығы
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭСТРАДА ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ GAKKU TA
«Gakku: Future Energy of the Earth» және «Gakku: Future Energy of the Sun» атты екі концерт Astana Expo 2017 көрмесінің қонақтарын түрлі музыкалық жанрлар мен стильдердің жарқын өкілдерімен таныстырады. Концерттер «жер энергеясы» мен «күн энергиясы» тақырыбының стилімен өтеді және бір «энергия» түріне арналған қойылымымен ашылады. Сценаны рәсімдеу, графикалық контент, арнайы би қойылымдары мен костюмдер, сондай-ақ таңдаулы әртістер осы концерттерді бірегей және қайталанбас шоу етіп жасайды. Мoldanazar, Әли Оқапов, Жанар Дұғалова, Динара Сұлтан, Нұржан Керменбаев, «Ayumi» тобы, «Кеш You» тобы, «Rin’go» тобы, «NINETY ONE» тобы және басқа жиырмадан астам әртіс.
Өтетін уақыты: 23.06-13.08
Өтетін орны: Амфитеатр
АСТАНА КҮНІ
Астана күні – Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі. 2017 жылы Отанымыздың жүрегі, маңызды шешімдердің және егеменді Қазақстанның көрнекті жетістіктерінің ұстаханасы Астана өзінің 19 жылдығын атап өтеді. Астана күні құрметіне көрменің аумағында сол күні өткізілетін барлық іс-шаралар аясында негізгі болатын, кең ауқымды концерт ұйымдастырылады.
Өтетін уақыты: 06.07.2017
Өтетін орны: Амфитеатр
Н.ТІЛЕНДИЕВ АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОРЛЫ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ «ОТЫРАР САЗЫ» ОРКЕСТРІНІҢ КОНЦЕРТІ
«Дәстүрдің жаңа өмірі» атты классикалық концерт сериясынан. 20, 21, 22, 23 шілде күндері Алексей Франдеттидің балама ұсынылымындағы Н. Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің энергиясына қосылыңыз. Қазақстанның үздік солисттерінің заманауи орындаушыларымен бірлескен музыкалық орындаулары I fly. Концерттің «Батылдық» деп аталатын бірінші бөліггінде оркест көрермендерді Қазақстанның ұлы композиторлары Нұрғиса Тілендиев пен латиф Хамидидың шығармаларымен таныстырады. Екінші блокта әртістер «Шахерезада» қойылымын Империялық орыс балетінің жетекшісі Гедиминас Таранданың қойылымында ұсынады.
Өтетін уақыты: 27.07-30.07
Өтетін орны: Амфитеатр
«NO MAD KARMA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ЖОБАСЫ
NO MAD KARMA – белгілі қазақ композиторы, әнші, «URKER» тобының көшбасшысы Айдос Сағаттың жаңа Қазақстан-Британ музыкалық жобасы. «Экспо-2017» көрмесі үшін NO MAD KARMA поп музыка тобы инновациялық мультимедиялық шоу дайындауда. Бұл «Болашақ энергиясы» тақырыбына, жалпы планетамыздың қауіпсіздігі, тазалығы мен саулығы үшін әрбір адамның жаһандық жауапкершілігіне арналады.
Өтетін уақыты: 09.08.2017
Өтетін орны: Амфитеатр
AFROJACK
«Грэмми» сыйлығына бірнеше рет үміткер аталған және оны иеленген, Нидерланд музыка продюсері және диджей Afrojack өзінің ең үздік тректерімен таныстырады. Атақты диджей DJ Mag журналы рейтингінде Top 100 ондығында орналасқан. Сонымен қатар Afrojack әлемдегі ең жоғары төленетін диджйлердің рейтингінде 7 орынды алады.
Өтетін уақыты: 11.07.2017
Өтетін орны: Амфитеатр
AXWELL
Аксель Кристофер Хедфорс – швед диджейі, өз ремикстерімен белгілі продюсер және музыкант. Аксвельдің Axtone атты өз музыкалық лейблы бар және Swedish House Mafia ұжымының мүшесі болған. Axwell барабанда ойнаған күні 9 жасында еді. Топ мүшелерімен идеялық қақтығыстардан кейін, Аксвель біраз уақыт музыкамен айналысуды тоқтатты. 13 жасқа толған сәтте барабан машинасымен танысты. Бұл кезең Axwell шығармашылығының бастауы болып саналады.
Өтетін уақыты: 17.07.2017
Өтетін орны: Амфитеатр
STEVE AOKI
Стив Аоки – жанды сеттері әрқашан әсерлі шоуға айналатын американдық диджей және продюсер. 2016 жылдың қорытындысы бойынша DJ Mag журналының Top 100 DJs рейтингінде 7 орын алды. Аоки Dim Mak Records лейблін құрды және 2013 жылы «Грэмми» сыйлығына ұсынған Wonderland альбомін шығарды. 2014 жылы Аоки «ең көп гастрольде жүретін диджей» ретінде «Гиннестің рекордтар кітабына» енді. Ол 41 елде 161 концерт өткізді. Forbes журналының мәліметі бойынша Аоки ең жоғары ақылы диджейлердің рейтингінде 5-ші орын алады.
Өтетін уақыты: 29.07.2017
Өтетін орны: Амфитеатр
ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫНЫҢ КОНЦЕРТІ
 «Дәстүрдің жаңа өмірі» атты классикалық концерт сериясынан. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Шабыт» концерті Алексей Франдеттидің балама ұсынылымында. Музкы энергиясы мен жастықтың, қазақстандық шығармашылықтың жаңа буынының дарын қуатының үйлесімін сезініңіз. Бұл жерде біз классикалық концерт нағыз шоу болатынына көз жеткіземіз. Біз шығармашылық бәсекелестік драйвы мен орынды қалжыңды сезе білеміз. Бірге біз аралас музыкалық жанрлар мен бағыттардың легінде боламыз. 23, 24, 25 тамыз күндері амфитеатр сахнасында консерватория студенттері, түлектері мен оқытушылары, оқу орнының симфониялық және халықтық оркестрлері, шетелдік қонақ-музыканттар мен Қазақстан халық әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жания Аубакирова өнер көрсетеді.

Өтетін уақыты: 23.08-25.08
Өтетін орны: Амфитеатр
Бұдан бөлек, еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қаласының мәдени күндері өтеді.
Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қаласының мәдени күндері
Өтетін уақыты
Өтетін орны
Алматы қаласының мәдени күндері
18.06
Амфитеатр
Ақмола облысының мәдени күндері
20.06
Ақтөбе облысының мәдени күндері
26.06
Астана қаласының мәдени күндері
09.07
Алматы облысының мәдени күндері
15.06
Атырау облысының мәдени күндері
16.06
Шығыс Қазақстан облысының мәдени күндері
25.06
Жамбыл Қазақстан облысының мәдени күндері
26.06
Батыс Қазақстан облысының мәдени күндері
04.08
Қостанай облысының мәдени күндері
05.08
Қызылорда облысының мәдени күндері
14.08
Маңғыстау облысының мәдени күндері
15.08
Павлодар облысының мәдени күндері
21.08
Солтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері
28.08
Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері
03.09
Қарағанды облысының мәдени күндері 
04.09
Осы және өзге де мәдени шаралар туралы толық ақпаратты ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми сайтынан қарап біле аласыздар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз