«ФОРТЕ БАНК» ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

138

0

«ФОРТЕ БАНК» ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ11 мамыр күні Қызылордаға ынтымақтастық туралы меморандум жасауға және банк ғимараты құрылысын бастау үшін «ForteBank» АҚ Басқарма Төрағасы Мағжан Әуезов бастаған делегация келді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев делегаттармен кездесіп, оларға ынтымақтастықтың тиімді бағыттарын жеткізді және жергілікті жобаларды жүзеге асыруда сәттілік тіледі. 
«ForteBank» Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі және болашағы зор банктің бірі болып саналады»,- деп атап өтті аймақ басшысы. 
– Бүгінгі күннің маңызды шарасы – банктің жаңа кеңсесінің құрылысының басталуы болып отыр. «Hitech» (жаңа технологиялық) стильде салынып жатқан жоба тек банктің қызмет көрсету аясы мен сапасын ғана жақсартып қоймай, қаламыздың сәулеттік келбетін арттыра түсетін болады. Бірлескен жобалар аймақ экономикасының дамуына оң серпін беретініне сенім мол,- деді Көшербаев.
Осы күні Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойында банк ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті. Мекеменің үшқабатты ғимаратында операциялық зал, касса бұрыштары, мұрағат, шаруашылық жайлар болады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы пандус орнатылады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз