ФРАНЦИЯ СЕНАТОРЛАРЫ СЫР ЕЛІНДЕ

44

0

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Франция Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын қабылдады.

«Франция және Орталық Азия” делегациясын
ФР Парламент сенаторы Андре Дюле мырза бастап келді. Мәртебелі меймандар
сапында сенатор, экс-министр Доминик Жийо, сенатор Катерин Прокачиа, топтың
атқарушы хатшысы Мишель Лафландер мен әскери атташе Лионель де Ланжерон және
Қазақстандағы Франция елшілігінің өкілі Йоанн Юрес бар.

Кездесуде аймақ басшысы Сыр өңіріне
келген қонақтарға облыстың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары жайлы
айтты. Сондай-ақ, экологиялық мәселелер, оның ішінде Арал теңізіне қатысты
атқарылып жатқан САРАТС–1-2 жобасы мен индустриалды-инновациялық жобалар жайына
тоқталды. Еркін пікір алмасу кезінде француздық сенаторлар аймақтың даму қар­қы­нына
ризашылықтарын біл­діріп, халық санының өсуі мен жұмыссыздық мәселесінің қа­лай
шешіліп жатқанына назар аударды. Аймақ басшысы Қ.Көшербаев, балалы отбасы
мемлекет тірегі екенін, мемле­кет қолдауы арқасында табиғи өсім артып келе
жатқанын айтты. Сондай-ақ, жұмыссыздық мәсе­лесінің жылдан жылға ке­міп келе
жатқаны мемлекеттік бағ­дар­ла­малардың тиімді жұмыс істеп жатқанымен
түсіндірді.

Облыстың даму стратегиясына қаныққан
қонақтар «Жібек жолы” бойында орналасқан осынау болашағы зор аймаққа инвестиция
құюға ынталы француздық компаниялардың бар екенін тілге тиек етті. Риясыз
көңілмен емен-жарқын пікір алмасқан қонақтарға облыс әкімі Сыр елінің атынан
ескерткіштер сыйға тартты.

Екі күндік сапарда мәртебелі меймандар
Арал ауданына жол жүріп, өлкенің тарихымен, жер­гілікті балық шаруашылығы
питомнигімен танысады.

Н.САҒАТҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз