“G-GLOBAL” ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШПАҚ

79

0

“G-GLOBAL” ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШПАҚКеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев
«G-GLOBAL Халықаралық хатшылығының» басшысы Серік Нөгербековпен ынтымақтастық меморандумына
қол қойды. Аймақ басшысы бұл құжаттың «жасыл» экономика, туризм, эко-туризмді дамытуда
және инвестиция тартуда маңызы зор екендігін ерекше атап өтті.

– Бұл меморандумның аймақ дамуындағы маңызы зор. Өздеріңіз білетіндей,
«G-global сұхбат алаңы» Елбасының бастамасы негізінде құрылған болатын. Астана экономикалық
форумы, «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне қатысу – хатшылықтың негізгі жобаларының
бірі. Ол бүгінде өзінің маңыздылығы мен тиімділігін
айқындап, әлем сарапшыларының жоғары бағасына ие болды. Оған ақпараттық коммуникациялық
кеңістікте 140 мыңнан аса қолданушының басын біріктіріп, 750 онлайн-конференция
өтуіне негіз болғандығы айқын дәлел. Ал бүгінгі арада орнаған іскерлік байланыстың
аясында біз ел дамуы үшін өзекті мәселелерді шешудің жолдарын бірлесе қарастыратын
боламыз. Демек, алдымызда үлкен мақсаттар мен міндеттер тұр. Бұл орайда бізге
G-global тарапынан көрсетілетін қолдау мен көмектің маңызы зор, – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Серік Нөгербеков облысымызда атқарылып жатқан келелі
істерге оң бағасын берді. Сонымен қатар бірлесіп жұмыс жасауға ынталы екендігін
жеткізді. Осылайша тараптар ынтымақтастық келісімге қол қойып, арадағы байланысты
одан әрі нығайта түсті.

Айта кетейік, Елбасы бұған
дейін «G-GLOBAL» жобасы аясында өзекті экономикалық мәселелерді талқылау үшін қажетті
алаң қалыптастыру, қатысушылардың кең ауқымын тарта отырып жаһандық дағдарыс көріністеріне
қарсы амалдарды бірлесе іздеу негізгі мақсат екендігін атап көрсеткен болатын. Ендеше,
облысымыздың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде маңызды роль атқаратын осы
келісім дағдарысты еңсеруде де үлкен қолдау болады деген сенім бар.

 

Мөлдір ҚОЖАХМЕТОВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз