ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ аймақтың байлығын еселей түспек

47

0

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ  аймақтың байлығын еселей түспекЕлімізде геологиялық барлау жұмыстарының жүргізілуі мен оның дамуының жаңа кезеңі басталды. Осы бағытта ҚР Үкіметі өткен жылдың мамыр айында «Қазақстан Республикасындағы геологиялық барлау жұмыстарының2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасын» бекіткен болатын. Аталмыш бағыттағы бағдарламаға сәйкес Ұлттық қордан қаржыландырылған 4 жоба бойынша облысымыздың кей өңірлерінде біршама жұмыстар атқарылуда. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев Қармақшы ауданындағы жобаға сай жүргізіліп жатқан геологиялық барлау жұмыстарының барысымен танысты.

«Қызылорда облысы Қармақшы ауданында тереңдігі 3500 метрлік тіректі-параметрлік ұңғыманы қазу» жобасына «Ақпан» ЖШС мердігер ретінде танылып, 7 шілдеден бас­тап өз жұмыстарын бастады. Мұнда екі ауысым бойынша 40 адам қызмет етеді. Бағдарламаға сәйкес жұмыстар 2015-2016 жылдар аралығында атқарылады. Осы күнге дейін Ақбұлақ П-1 ұңғымасы 350 м тереңдікте бұрғыланды. Мұн­дағы бұрғылау құралының 4000 метрге дейін қазуғамүмкіндігі бар. Мамандар әрбір 500 метр сайын топырақ алып, лабораторияға жөнелтіп отырады. Онда тиісті жұ­мыстар атқарылып, зерттеу қоры­тындысы уақытында баяндалып тұра­ды. Мамандардың айтуынша, әзір­ге негізгі жұмыстар атқарылып, нәтижесі келер жылы белгілі болады.

Сондай-ақ, мұнан бөлек облысымыздың Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарында өңірлік тірек кескіндері бойынша, кешенді геологиялық-геофизикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу 2015-2017 жылдарға жоспарланған. Бү­гінгі таңда зерттеу жұмыстарын жүргізуге мердігер мекеме ретінде танылған «НПФ Данк» ЖШС-мен және аудан әкімдігімен геологиялық барлау жұмыстары жүргізілетін жер учаскелерін уақытша пайдалану құқығын алу жұмыстары алдын ала атқарылуда. Бағдарламаны іске асыруға арналған қаржылық шы­ғындар республикалық бюджеттен және жер қойнауын пайдаланушылар есебінен қарастырылады. Геологиялық-геофизикалық зерт­те­­ле­тін жердің жалпы көлемі 710 км аумақты қамтыса, оның 263 км Қызылорда облысы аумағында ор­наласқан. Сондай-ақ, өткен жылдан бастап Шиелі ауданына қарасты Ақжар рудалы алаңында 736 шаршы шақырым аумақта пайдалы қазбаларды іздеу жұмыстарын жүргізу жобасы басталып, бүгінгі таңда жүйелі түрде өз жалғасын тауып отыр. Сонымен қатар ағымдағы жылы Дарбаза учаскесіндегі алтын, мыс рудаларын іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу жобасына сәйкес, «Қазгеология» ҰГК АҚ-мен алтын, мыс рудаларын іздеу-бағалау жұмыстарын бастады. Жоба аясында тау-кендік, яғни ор, шурфтар қазу жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда облысы аумағындағыжерасты суларының жағдайына және тиімді пайдалануына режимдік бақылаулар жасау, олардың режимі мен балансынзерттеу нысанының 054 бағдарламасы бойынша, бөлінген қаражатты игеру жоспарлануда.

– Бүгін – Қызылорда облысында өте маңызды күн. Елбасымыздың Жолдауына сәйкес елімізде геология саласына аса мән беріліп, бірнеше бағдарламалар жасалған болатын. Сол бағдарламаға сәйкес Қызылорда облысында да біршама жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – бүгінгі Қармақшы ауданындағы тереңдігі 3500 м тіректі-параметрлік ұңғыманы қазу жұмыстары. Мұн­дағы жұмыс қарқынымен танысу барысында мамандардың сапалы қызмет жасап жатқанына көз жеткіздік. Алдағы уақытта осы атқарылып жатқан жұмыстардың оң нәтиже береріне сеніміміз мол, – деді облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев.

 

Кенжетай
БАЛҒАБАЙҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз