Гран-при: Элизабет Тұрсынбаева алғашқы бестікте

76

0

  Францияның Гренобль қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан Гран-придің бесінші кезеңінде әйелдер арасында жүлдегерлер белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Ресейліктер Алина Загитова (213,80 балл) мен Мария Сотскова (208,78) алғашқы екі орынды иеленсе, канадалық Кейтлин Осмонд (206,77) үздік үштікті түйіндеді. Бұлардың үшеуі де Гран-при финалында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. 

Қысқа және еркін бағдарламадан кейін 200,98 балл жинаған қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева жүлделі орынға қол созым ғана жетпей, бесінші орынға табан тіреді. Бұл да жоғары нәтиже деуге болады.

Айта кетейік, мұның алдында Минскіде өткен Челленджер турнирінде Элизабет топ жарып, алтын жүлдені иеленген болатын. Э.Тұрсынбаева үшін басты мақсат алдағы жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсету екендігі белгілі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз