ХАЛЫҚ КӨҢІЛІНЕ ҚОНҒАН ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК

46

0

ХАЛЫҚ КӨҢІЛІНЕ ҚОНҒАН ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІКАптаның бейсенбісі күні ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов Жаңақорған, Шиелі аудандарында жұмыс сапарымен болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады және осы сапар барысында жергілікті халықпен жүздесіп, маңызы зор үкіметтік бағдарламалардың орындалу барысымен танысты.
Сенат депутаттары Жаңақорған ауданында әуелі жаңа жыл қарсаңында ғана іргетасы қалана бастаған шағын аудандағы көпқабатты үйлердің құры¬лысымен танысудан бастады. Аудан басшылығының мәлімдеуінше, бұл жерде жақын мерзімде үш және төрт қабатты 16 үй көтеріледі. 18 және 32 пәтерлік үйлерде жас отбасылар, индустриялық-инновациялық бағдар-ламалар бойынша жұмысқа тартылған қа¬жетті мамандар орналастырылады. Оған қоса жаңа да еңселі үйлерді тіршілік еткісі келетін жергілікті тұрғындарға да мүмкіндік мол.  Бұл жерде түрлі әлеуметтік нысандар іске қосылып, аймағымыздың оңтүстік шеткейіне орын тепкен аудан өркениетке бір табан жақындай түседі. Болашақта кент іргесінен бой көтеретін жаңа шағын ауданда 10 мыңнан астам халық тұрады деп болжануда. Мәртебелі меймандар жаңа жылмен қабаттаса келген бұл жаңалықты жылы қабылдады.
Осыдан 3-4 жыл бұрын Жаңақорған ауда¬нының әкімі лауазымында болып, жергілікті жердің жағдай мүмкіншілігінен толық хабардар Бекмырза Еламанов қолға алынған игі бастаманың өміршеңдігіне сенім білдірді. Сенат депутаттарына аудан әкімінің орынбасары Серқожа Ыдырысов мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүзеге асырылатын жобаларды қаржыландырудың өз дәрежесінде атқарылып жатқандығынан хабардар етіп, алдағы тұрған міндеттер туралы да баяндады. Осыдан соң ел ағалары аудан әкімшілігінде тұрғындармен жүздесіп, күні кеше ғана ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ұйымшылдықпен той¬лаған хал¬қымыздың Елбасы маңы¬на тығыз топтасқандығын, бір¬ліктің ауқымды тірліктің ұйытқысы екендігін марқая әңгімеледі. Халықтың сауалдарына да құлақ түріп, ел дамуы¬ның шеткі аймақтарда оңды өзгерістерге қозғаушы екен-діктерін білдірді.  Және ел ал¬дын¬дағы міндеттер, өміршең бағ¬дар-ламалардың маңызы туралы  ой бөлісті.
Шиелі ауданында түстен кейін жалғасқан сапар Қодаманов ауылынан бастау алды. Аталған ауыл соңғы жылдары үкіметтің қамқорлығы аясында бірнеше әлеуметтік нысандарға қол жеткізіп, жайлы өмір кешіп келе жатса, жаңа жыл қарсаңында мұнда жаңа дәрігерлік амбулатория салынып, тұрғындар қуаныштарын еселеген еді. Бұрын басқа бір мекемемен қабаттаса, ескі ғимаратта ауыл тұрғындарының саушылығы үшін күресіп келген медицина қызметкерлері өз қуаныштарын қонақтармен бөлісіп жатты. Сенаторлар осы әлеуметтік нысанды аралап көрді. Сонан соң былтыр ғана пайдалануға берілген сәулетті де жарық ауылдық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесіп, ортақ ойды онан әрі тарата түсті. 
Депутаттар осы сапар барысында Ақмая ауылына да ат басын бұрып, құрылысы аяқталуға жақын қалған дәрігерлік  амбулаторияның құрылысымен және күрделі жөн¬деуден өткізілген ауыл клу¬бының жұмысымен танысты. Ашық алаңда тұрғындармен кездесіп, олар¬дың да сауалдарына жауап берді. 
Шиелі ауданындағы соңғы бір жағымды жаңалық жеке үй құрылысын салушыларға арнап, инфрақұрылымды жақсарту жағдайы еді. Осы мақсатқа республика бюджетінен 3 млрд теңге бөлініп, қысқа мерзім ішінде игерілді. Аудан орталығының өзінен 4 бірдей шағын ауданның инфрақұрылымы аяқталды. Онда тас жол салынып, электр желісі тартылған, көшелер ауыз су құбырына қосылды. Мұндай игі іс ауылдық округтерде де жасалынған. Биылғы жылы аудан бойынша 2400 жеке үй салуға өтініш бергендердің тілегі қанағаттандырылады. Халық қалаулылары жері тегістеліп, бар жағдайы жасалған «Береке» мөлтек ауданында болып, жаңа шағын ауданның көрікті де сәулетті боларына сенім білдірді. Аудан әкімінің орынбасары Тұрмағанбет Жағыпаров атқарылған жұмыстар жөнінде мәлім етіп, алдағы міндеттер туралы да айтты. 
Мәртебелі меймандар сол күні 100 млн теңге мемлекет қаржысына күрделі жөндеуден өткізілген «Жадыра» балалар бақшасына соғып, ондағы сапалы жүргізілген жөндеу жұмыстарына лайықты баға берді. Қонақтармен бірге аудандық мәслихат хатшысы Әшім Оразбекұлы мен аудан әкімінің орынбасарлары Т.Жағыпаров, А.Есмаханов бірге болды.
Нұрмахан ЕЛТАЙ. 
Жаңақорған,
Шиелі аудандары.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз