Халықаралық көрме мерейімізді өсіреді

140

0

Халықаралық көрме мерейімізді өсіредіКелесі жылы Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетіні баршамызға мәлім. Сәл ғана тарихқа жүгінетін болсақ, 2012 жылғы 22 қарашада Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) 152-ші Бас Ассамблеясы кезінде Халықаралық көрме бюросына 161 мүше-мемлекет өкілдерінің құпия дауыс беруі барысында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу орны болып таңдалғанынан хабардармыз. Онда Астана өтінімін 103 мемлекет қолдады. Ал 2014 жылғы 11 мау-сымда Парижде (Франция) Халықаралық көрме бюросы (ХКБ) Бас Ассамблеясының 155-ші сессиясы  өтті, оның барысында  «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі ресми мойындалып, Қазақстанға ХКБ-ның туы табыс етілді. Осы кезден бастап Қазақстан шетелдік қатысушыларды тарту, корпоративтік қатысушылармен келіссөздер жүргізу құқығына ие болды.
Міне, содан бері Елордада және бүкіл еліміз бойынша ЭКСПО-2017 көрмесін өз дәрежесінде өткізу мақсатында қызу жұмыстар жүріп жатыр. ҚР Үкіметінің қаулысымен 2013 жылдың қаңтарында барлық мемлекеттік және жеке құрылымдардың, демеушілердің, облыстар¬дың, министрліктер мен мекемелердің қызметін үйлестіру үшін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы құрылды.  
Халықаралық көрме мерейімізді өсіредіКөрме кешенінің үздік жобасын анықтау мақсатында арнайы конкурс өткізілді, оған әлемнің түрлі мемлекеттерінен 50-ден артық  сәулетшілер қатысты. Конкурста «Adrian Smith+Gordon Gill Architecture LLP» америкалық компаниясы жеңіске жетті. Мұнда аталған компанияның тек құрылыста ғана емес, ал «жасыл энергетика” саласында да тәжірибесінің болуы ескерілді.
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің басты тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Бұл халықаралық қауымдастықтың жер шарына зор әсерін тигізетін энергияны тұтыну мәселесіне алаңдаушылығын көр¬сетеді. Көрменің негізгі мақсаты: жауапкершілікке шақыру, пікірта¬лас¬тарға ынталандыру және адам-дардың жер шарында энергияны тұтынуын жоспарлау және бақылау қабілетін қалыптастыру, табиғатқа тигізер залалды барынша азайту.
ЭКСПО-2017 халықаралық ма¬мандандырылған көрмесін өткізу – Қазақстанның негізгі ұлттық жобаларының бірі. Біздің мем¬лекетіміздің елордасында осындай ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға бастама көтерген ҚР Президенті Нұрсұтан Назарбаев болды.
Елбасы 2014 жылғы 24 сәуірде көрме кешенінің капсуласын қалау шарасына қатысып, ЭКСПО-қалашығының құрылысына жол ашты. Содан бері құрылыс жұмыстары қызу жүруде.
Міне, осында атқарылып жат¬қан жұмыстарды таныстыру мақ¬сатында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ Басқармасы Қазақстанның аймақтық журналистері үшін өткен аптада пресс-тур ұйымдастырды. Оған 14 облыс пен Алматы қала¬сынан 60-тан астам тілшілер мен блогерлер қатысты. Пресс-турға қатысушылардың алғашқы аялдаған нысаны «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ Басқармасы кеңсесі болды. Бұл жерде Ұлттық компанияның сәулет-құрылыс департаментінің ди-ректоры Зәуре Айтаева ЭКСПО-2017 көрмесі кешенінің макетін таныстырып, құрылыс барысы жайлы ақпарат берді.
«Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің жалпы ауданы 174 гек¬тарды құрайды. Белгіленген талапқа сәйкес ЭКСПО па¬вильондары орналасатын аумақ 25 гектардан кем болмауы тиіс. Міне, осындай көлемдегі  аумақта Қазақстанның Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және корпоративтік павильондары орналастырылған. Мұнан бөлек кешен аумағында ЭКСПО қалашығы, сауда-ойын-сауық орындары бой көтерген. Құ¬рылыс жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. Барлық нысандарды 2017 жылдың көктеміне дейін пай¬далануға беру жоспарланған. Бұл Елбасы Н. Назарбаевтың Ұлттық компания алдына қойған міндеті болды.
Мұнан соң пресс-турға қатысу¬шы¬лар Астананың сықырлаған сары аязына қарамастан, ЭКСПО-2017 нысандарымен танысуды бастады. Не нәрсе туралы да құлақпен естіген бір бөлек, көзбен көрген бір бөлек болатыны белгілі. ЭКСПО нысандары туралы біраз хабардармыз. Десе де, бірден айта кетейік, өз көзімізбен көргеннен кейін мұндағы жұмыс ауқымы айрықша әсер қалдырғаны шындық.
Ең алғашқы аялдаған жеріміз ЭКСПО-ның бас ғимараты – озық технологияларды пайдалану арқы¬лы сфера түрінде салынатын Қазақстанның Ұлттық павильоны бол¬ды. Оның құрылысына ғима¬рат¬ты сыртқы температура мен дыбыстан оқшаулайтын екі қа¬батты жоғары технологиялық бе¬рік шынылар қолданылады. Бұл павильон «жасыл технологияларды» пайдалануға негізделген үлгілік жобаға айналады.
Сфераның ішінде жоғары тех¬нологиялар мұражайымен қатар Қазақстан мемлекетінен, халқының тарихынан сыр шертетін мұражай орналасады. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басшысының құрылыс жөніндегі бірінші орынбасары Қадіржан Төребаев «Болашақтың музейі» деп аталатын шар пішіндес бұл үй – ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі символы болып саналатынын жеткізді. Оның диаметрі – 80, биіктігі 97 метрге же¬теді. Ал 8 қабаттық ғимараттың жалпы ауданы 26 мың шаршы метрге тең. Алып сфераның әлемдік брендке татитындай ерек¬шелігі бар. Мәселен, Париждегі Эйфель мұнарасы конструк¬тивизмнің хабаршысы болса, Мон¬реальдағы «Хабитат 67» кешені брутализм бағытының дамуына қомақты үлес қосты. Сол секілді футуристік формадағы біздің музейге ұқсайтын бірде-бір ғимарат әлі дүние жүзінде жоқ.
Нысанның құрылысына иіл¬мелі, сирек кездесетін шыны пайдаланылады. Әр панелі 850 келі тартатын бұл материал елімізде тұңғыш рет арнайы ЭКСПО үшін қолданылуда. Қасбеттік қаптаманың өзі фотоэлектрлік элементтерден құралған екен. Соның арқасында күн шуағын электр энергиясына айналдырып, қуат көзін үнемдеуге жол ашады. Бұдан бөлек, нысанның жоғары жағында 2 жел генераторы орнатылады. Бұл екі жел генераторы 40 КВт энергия өндірсе, оның ас¬тын¬дағы күн панельдері 47 КВт электр қуатын беретін болады. Ғимарат пішіні жел ағынын реттеуге мүмкіндік беретін қасиетке ие. Мұндай типтес ғимараттар әлемде өте сирек.
Шар-үйдің астыңғы қабатында тақырыптық маршруттар ұйым¬дастырылады. Сол арқылы қо¬нақ¬тар біздің мемлекетіміздің та¬рихы, республикадағы көрнекі орындар, мәдени дәстүрлер туралы мағлұмат ала алады. Ал цифрлық, мультимедиалық және интерактивті технологиялар 2-8 қабаттардағы «Болашақ музейін» барынша кеңінен қабылдауға қолайлы жағдай туғызады.
Бүгінде ЭКСПО-2017 халық¬аралық көрмесінің павильондары үшін 14 ғимарат тұрғызылған. Әрқайсысында кемінде бес мем¬лекеттің көрме тақырыбына сәйкес келетін технологиялық жетістіктерін орналастырады. Қатысушы ел¬дер өздерінің мүмкіндіктеріне орай, әртүрлі көлемдегі көрме па¬вильондарына тапсырыс беруде. Халықаралық қатысушылармен жұ¬мыс департаменті директорының орынбасары Асқар Бапен бүгінгі таңда ең үлкен павильондарға АҚШ, Қытай мемлекеттері тарапы¬нан  тапсырыс түсіп отырғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда 106 мем¬лекет пен 17 халықаралық ұйым «Астана ЭКСПО-2017» халық¬аралық мамандандырылған көрме¬сіне қатысатындығын растады. Олардың басым бөлігімен ұйым¬дастырушылық және техникалық мәселелер талқыланып жатыр. Халықаралық павильондар құры¬лысы кестеге сәйкес үстіміздегі жылдың 31 қазанында аяқталып, алғашқылардың бірі болып па¬вильондарды 5 мемлекет: Фран¬ция, Германия, Венгрия, Түркия мен Қытай қабылдады. Жақын арада басқа да қатысушы-мемле-кеттерге павильондарды өткізу жалғастырылады. Сонымен қа¬тар, бүгінде павильондардың кон¬тент¬тік мазмұнына және та¬қы¬рыпты ашу мәселесіне ерек¬ше мән берілуде. Бұл ретте, Ресей, Франция, Ұлыбритания, Германия, Польша, Қытай, Пә¬кістан, Үндістан, Жапония мен Израиль мемлекеттерінің Ұлттық павильондарының экспозициясына тоқтала кетуге болады. Жалпы, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы мемлекеттер баламалы энергия көздерін пайдалану саласында өздерінің ең үздік технологияларын көрсетеді.   
Журналистер, сондай-ақ, ¬көр¬¬ме кешеніндегі конгресс-холл ғ謬мବраты құрылысын да көрді. Мұн¬¬да Елбасының қатысуымен ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу және жабылу салтанаттары өтеді. Бұл салтанатты шараларға шетелдік құрметті қонақтар шақырылады. Телескоптық пішіндегі трибунасы бар ерекше сұлу ғимаратта көрме кезінде әртүрлі шаралар өткізіледі.
Журналистер ЭКСПО-2017 тұр¬ғын үй қалашығымен асқан қы¬зығушылықпен танысып шықты «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның сервистік қызмет көрсету департаменті директоры Диас Әзбергеновтің айтуы бойынша, көрме кешенінің 12,5 гектары тұр¬ғын үйлер құрылысына бө¬лінген. Ондағы бой көтерген 42 үйдегі 1374 пәтерде көрмеге дайындық барысында және көр¬мені өткізу кезінде қатысушы ел-дерден келген қызметкерлер тұратын болады. Барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген қалашықтағы пәтерлер бүгінде жиһаздармен жабдықталу үстінде. Осы күндері 55 пәтер дайын болса, жыл со¬ңына дейін тағы 750 пәтер әзір-ленеді. Ал алдағы көктемге де¬йін барлық пәтерлер толықтай тапсырылады. Қазірдің өзінде 309 тапсырыс қабылданған. Мысалы Франция мемлекетінің комиссары отбасымен, балаларымен бірге тұру үшін төрт бөлмеліге тапсырыс беріп қойыпты. Тұрғын үй қалашығында сервистік қызметтің екі түрі белгіленген екен. Мәселен, «Gold» сервистік қызмет көрсету бойынша пәтерлерді аптасына үш рет жинастырып тұратын болса, «Silver» түрі бойынша аптасына бір рет қана қызмет көрсетеді. Соған сәйкес, әрине, пәтерлерді жалдау ақысы айына 557 мың теңгемен 1 млн 78 мың теңге аралығында болмақ. Департамент басшысы атап өткеніндей, қауіпсіздік мақсатында қалашық түгелдей қоршалып, онда тиісті құрылымдар тәулік бойы кезекшілік атқаратын болады. Ал көрме өткізіліп болғаннан кейін тұрғын үй қалашығындағы пәтерлер сатылуға шығарылмақ.
Пресс-тур аяқталғаннан кейін журналистерге арналған баспасөз мәслихаты өтіп, онда «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның Бас¬қарма төрағасының бірінші орын¬басары Әлішер Пірметов баста¬ған мамандар журналистерге қо¬сымша мәліметтер берді. Мамандар қатарында Басқарманың қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары Ақсұлу Арзықұлова қарындасымыз да болды. Осыдан біраз жыл бұрын облыстық ішкі саясат басқармасында қызмет атқарған оған пресс-турға қатысушы журналистердің риза екенін де айта кеткіміз келеді.
Мамандар жеткізгеніндей, жал¬пы, 2 миллионнан артық келу¬шілер күтіледі, олардың әрқайсысы көрмеге шамамен 2 рет және одан да көп келеді. Осылайша, жалпы келушілердің саны 5 миллионды құрайды. Жалпы келушілер санының 85 пайызы қазақстандықтар, ал 15 пайызы – шетелдік мемлекеттердің азаматтары болады деп болжанып отыр. Сонымен қатар, Еуропадан, Түркия мен АҚШ-тан туристер келмек.
Сондай-ақ, Ұлттық компанияға көрмеден кейін оның нысандарын пайдалану бойынша міндет жүк¬телген. Көрме аяқталғаннан кейін салынған павильондар мен басқа да нысандар жандана түседі деп жоспарлануда.
Халықаралық көрме мерейімізді өсіредіҚазіргі таңда ЭКСПО-2017-ні шетелде насихаттау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Мемлекет Президентінің атынан 139 мемлекетке және 12 халықаралық ұйымға ресми шақыру қағазы жолданды. Нәтижесінде, бүгінгі күні 106 мемлекет (Ресей, Германия, Жапония, Түркия, Израиль, Фран¬ция, Үндістан, Вьетнам, Армения, Пәкістан, Әзербайжан, Ангола, Беларусь, Сенегал, Грузия, Куба, Түркменстан, Сент-Китс және Невис, Либерия, Тәжікстан, ҚХДР, Румыния, Монако) және 17 халықаралық ұйым (ЭСКАТО, ОЭСР, ЮНИДО, ЮНЕСКО, МАГАТЭ, Дүниежүзілік банкі, ПРООН, ШЫҰ және тағы басқалар) өздерінің көрмеге қатысатындарын ресми түрде растады.
Баспасөз мәслихатын өткізу¬ші¬лер мұнан кейін журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Өңірлерден келген тілшілер осылайша ЭКСПО-2017 нысандарымен танысудан жақсы әсерге бөленді. Осындай ауқымды іс-шараға тәуекел еткен Елбасымыз бен Қазақстан мемлекеті үшін мақтаныш сезіміне бөлендік. Уа¬қыты келгенде ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалау мүмкіндігін жі¬беріп алмаған жөн деген ой түйдік.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
Қызылорда-Астана-Қызылорда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз