ХXІ ғасырдың ауылы

62

0

ХXІ ғасырдың ауылы«Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге болады» деген Елбасы сөзі әр сырбойылықтың көңіліне қуаныш, мақтаныш сезімін ұялатады. Иә, ырысты, күрішті Сыр елінің бүгіні берекелі, ертеңі еңселі. Шырайланған шаһары, ажарланған ауылы бар аймақты Мемлекет басшысының өзгелерге үлгі етуі заңдылық.
Сырдария ауданындағы 2000-дай тұрғыны бар Нағи атындағы ауылдың бүгінде атағы алысқа кеткен. Тақ¬тайдай тегіс кө¬шесі гүлмен көм¬керілген, су¬бұрқағы атқылаған, жай¬қалған ағаш¬та¬ры жанға сая алтын бесік көрген көзді сүйсінтеді. Егемендікке қол жет¬кіз¬ген жылдар¬да ха¬лық несі¬бесі есе¬леніп, дамудың жаңа сатысына көтерілді. Елді мекенді түлетуге тірек болған күріш өсірумен айналысатын «Абзал и К» серіктестігі бүгінде миллиард теңгеден аса қаржы құйып, ауылды адам танымастай өзгертті. Табалдырығынан аттаған жан құлпырған қалаға кіргендей әсерде болады. Жасыратыны жоқ, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізімен жүк артқан шетелдіктердің талайы түнгі мезгілде шамдары жарқыраған шағын қалаға таңдай қағып тамсанады екен.
Бүгінде батыр атын иемденген ауылда кейбір аудан орталықтарында жоқ сәулетті, су жаңа әлеуметтік нысандар бар. Айталық, соңғы жылдары ел игілігіне берілген мәдениет үйі, 1000 орындық стадион, имандылық үйі, спорт кешендері көрген көздің жауын алады. Жыл сайын «Абзал и К» серіктестігі ауылды абаттандыруға 100 млн теңгенің үстінде қаржы бөліп, өркениеттің ерен үлгісін көрсетіп отыр. Сондай-ақ, шаруашылық қызметкерлеріне үй салып беріп, сауапты істің бел ортасында жүр. Жасарған, жайнаған елді мекен тұрғындарына жасалған жағдайды одан әрі сабақтасақ, 2011 жылы Елбасы аралап көрген көркіне көз тоятын «Әсем» мейрамханасы мен әмбебап дүкенді айтуға болады. Оған наубайхана мен қоғамдық моншаны қосыңыз.
Айта берсек, ауылда жан жадыратар жаңалық көп. Мемлекеттік жекеменшік серіктестік негізінде бой көтерген нысандар қатары жыл сайын толығады. Халқына қамқор азаматтар, тіпті, ауылдық әкімдік ғимаратын салуды да өз мойнына алған. Алдағы уақытта демалыс паркін салудың да қам-қарекеті жасалып жатыр.
ХХІ ғасырдың ауылы Сырдың даңқын асырып, өркениет пен заманауи тұрмыстың үлгісі болып отыр.
Н.САУЯЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз